- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ЖРВИ-дің алдын алу айлығы басталды
Қазақстанда ЖРВИ-дің алдын алу айлығы басталды
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі, айлықты өткізудің басты мақсаты – халықты, оның ішінде ауруға шалдығу қаупі жоғары адамдарды, жұмыс берушілер мен қызметкерлерді қоғамдық және жеке қорғану шаралары туралы, аурудың асқынуын алдын алу үшін уақытылы медициналық көмекке жүгінудің қажеттілігі туралы құлақтандыру.
Тұмау – ауа арқылы жылдам таралатын, вирустық тұмаудан туындайтын жіті инфекциялық ауру. Аурудың қауіпті кезеңінде жоғарғы дене қызуы, бас ауруы, бұлшықет пен буындардың ауруы байқалып, одан кейін мұрын бітеліп, жөтел пайда болып, тамақ ауыра бастайды. Дәрігерге дер уақытында қаралмау, оның тағайындаған емін қабылдамау, қосымша созылмалы аурулардың болуы өкпенің қабынуы, бронхит, бронхопневмония сияқты ауыр асқынуларға әкеліп, өлімге себепші болуы мүмкін.
Қорғаныс маскасын қолдану, қолды жиі жуып тұру немесе зарарсыздандыратын ерітінділермен тазалау, ғимараттарды желдетіп тұру, оны ылғалды тазалау, сырқаттанған адаммен байланысты шектеу – ЖРВИ, тұмау және пневмококты инфекцияны жұқтырудың алдын алуға көмектеседі.
Вакциналау – инфекцияы алдын алудың ең тиімді тәсілі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша, тұмауға қарсы екпені жүкті әйелдерге, 6 ай мен 5 жас аралығындағы балаларға, 65 жастан жоғары ересек адамдарға, созылмалы аурулары бар азаматтарға және денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне жасау керек.
Естеріңізге сала кетейік, халықтың осал топтарының өкілдеріне – өкпе, жүрек-қан тамырлары ауруларының созылмалы түрлерімен, иммунитет тапшылығы бар, жиі ауыратын, және денсаулығы әлсіз балаларға, медициналық қызметкерлер мен жүкті әйелдерге бюджет қаражатының есебінен вакцина жасалады. Сонымен бірге, вакцина жұмыс берушілердің және халықтың жеке қаражаты есебінен жүргізіледі.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары