• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Сағадиев: Қазақстан технология мен инновациялық дамуда көшбасшылық етуді жоспарлауда

Е.Сағадиев: Қазақстан технология мен инновациялық дамуда көшбасшылық етуді жоспарлауда

26 Қыркүйек, 2016 14:37
Жиырмасыншы ғасырда біздің елдің алдында технология мен инновациялық дамудың көшбасшылығына жету мақсаты тұр, деді Астанадағы білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Азия парламентаралық форумы барысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

«Білім, ғылым және мәдениет мәселесі бойынша ислам ұйымының қызметі  ислам елдері  арасында ғылыми-техникалық мәдениетті насихаттауға бағытталған. Ол ғылыми қорытындылар мен экономикалық, әлеуметтік дамуға әсер етеді. Мұсылман елдерінің  арасындағы мәдени  байланыстың кеңеюіне әсер етеді, қазіргі таңда  білім мен ғылым саласында  маңызды қайта құрылулар болып жатыр», - деді министр.

Ведомство басшысы айтып өткендей, жиырмасыншы ғасырда біздің елдің  алдында  технология мен инновациялық  дамудың  көшбасшылық  ұстанымдарға жету мақсаты тұр

«ҚР Президентінің  30 дамыған елдің қатарына кіру тапсырмасы бойынша  аталмыш салаларда  ғылыми және халықаралық интеграция мен жаһандану әдістерін ескеру арқылы ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр», - деді министр.

Астанада білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Азия парламентаралық форумы өтіп жатыр. Шара ғылым, технология және инновация мәселелеріне арналады. Форумға 20 елдің Парламент өкілдері мен сарапшылар, сондай-ақ, алты халықаралық ұйымның мүшелері қатысуда.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар