Батыс Қазақстанның Ақсай қаласында 320 орындық балабақша салынады

26 Қыркүйек, 2016 14:56
Бөрлі ауданына жұмыс сапарымен барған өңір басшысы Алтай Көлгінов Ақсай қаласында салынып жатқан 320 орындық балабақша құрылысына ат басын бұрды.

Облыс әкімдігі хабарлағандай, балабақшаның құрылысы кезінде 87 адам жұмыспен қамтылды. Жоба келер жылдың қаңтарында аяқталады.

Ғимарат еңсе тіктеп үлгерген. Енді жұмысшылар сылау, терезе қондыру қамына кірісіпті. Материал жеткілікті.

“Бұл бөбекжай – Тəуелсіздігіміздің 25 жылдығында тұрғындарға тамаша тарту болмақ,” – деді облыс басшысы Алтай Сейдірұлы ризашылық білдіріп.

Барлық жаңалықтар