- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматулин: Азия парламентаралық форумы ҚР-ның Ислам қауымдастығымен ынтымақтастығын нығайтады (ФОТО)
Н.Нығматулин: Азия парламентаралық форумы ҚР-ның Ислам қауымдастығымен ынтымақтастығын нығайтады (ФОТО)
«Қазақстанымыз әрқашанда әлемдік интеграция идеясын қолдап, көптеген халықаралық ұйымдардың белсенді және беделді мүшесі атанды. Оның нақты дәлелі мемлекетіміздің Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің 2017-ші – 2018-ші жылдарға арналған тұрақты емес мүшесі болып сайлануы. Осының барлығы, әлем елдерінің Қазақстанға деген сенімі өте жоғары болуының жарқын көрсеткіші»,-деп атап өтті Н. Нығматулин.
Мәжіліс Спикері Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіздік алған күннен бастап Азиямен, соның ішінде Ислам елдерімен ынтымақтастыққа аса мән беріп келе жатқанын айтып, соның нәтижесінде Ислам қауымдастығы елдерімен аймақтағы тұрақтылықты, қауіпсіздікті нығайту, білім, ғылым және Ислам мәдениетін дамыту бағытында жеткен жетістіктердің көп екенін, соның ішінде, дінаралық және ұлтаралық татулықтың «қазақстандық моделі» қалыптасуы әлем елдеріне үлгі болып отырғандығын айтты.
«Форум жаһандану аясындағы білім мен ғылым салаларын дамыту үшін заңнамалық база қалыптастыру мәселелері, ұлттық бағдарламалар мен басымдықтарды іске асырудағы ұлттық институттармен қарым-қатынас жолдары мен ондағы парламентария рөлі мәселелерін қарастырады. Нақты айтқанда, өндірістік секторда ғылыми техникалық өлшемдер туралы сұрақтар қаралады», - деді Мәжіліс Спикері.
Астанада білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Азия парламентаралық форумы өтіп жатыр. Шара ғылым, технология және инновация мәселелеріне арналады. Форумға 20 елдің Парламент өкілдері мен сарапшылар, сондай-ақ, алты халықаралық ұйымның мүшелері қатысуда.
Индира Кауметова
Сурет: Азамат Әлиев
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
AntikorLive: Азия Даму банкінің Серіктестерінің «қара тізімге» ену себебі айтылды -
COVID-19: Германия қатаң локдаунды 10 аптаға ұзартты, ал Малазиядағы төтенше жағдай 1 тамызға дейін жалғаспақ -
Ауыл әйелдері форумы: Іскер әйелдердің үлесін арттыратын алаң -
Елордада ауыл әйелдерінің III Республикалық форумы басталды -
Ауыл әйелдері форумы: Іскер әйелдер тәжірибелерімен бөлісті -
БҚО-дағы ауыл әйелдерінің форумы: Ауылда кәсіп ашудың мүмкіндіктері талқыланды -
Ауыл әйелдері форумы: Жетістікке жеткен әйелдер тәжірибесімен бөлісті -
Ауыл әйелдерінің форумы: Табысты кәсіпкер әйелдер тәжірибелерімен бөлісті