- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда туберкулезбен күресуде барлық басым шаралар қолданылып жатыр - Дүйсенова
Қазақстанда туберкулезбен күресуде барлық басым шаралар қолданылып жатыр - Дүйсенова
Тамара Дүйсенова конференция қатысушыларына Қазақстандағы туберкулезбен күресу шаралары туралы мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының Туберкулезбен күрес ұлттық бағдарламасына саяси қолдау көрсетуінің, сонымен қатар, ведомствоаралық және салааралық өзара байланыс нәтижесінде соңғы жылдары елімізде аталған ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай едәуір жақсарды.
Халыққа туберкулезге қарсы көрсетілетін көмектің сапасын әрі қарай жетілдіру үшін Туберкулезді бақылаудың біріктірілген моделі жасалды. Ол аталған аурумен күрестің барлық басым бағыттарын қарастырады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Туберкулезбен күрес халықаралық одағының саясатын ұстана отырып, Қазақстанда туберкулезбен күресу шаралары алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесімен біріктірілді. Мемлекет туберкулезбен сырқаттанған адамдарға қажетті жеткілікті қаражат бөліп отыр. Инфекциялық бақылау шаралары күшейтілді. Аталған ауруды диагностикалаудың инновациялық жеделдетілген үлгілерін енгізу жалғасуда», - деп хабарлады Тамара Дүйсенова.
Екі күннің ішінде конференцияға қатысушылар 2016-2035 ж. арналған «EndTB» ДДСҰ стратегиясын Орталық Азия аумағында жүзеге асыру мәселелерін, оның ішінде МСАК ұйымдары деңгейінде туберкулезді емдеу мен диагностикалаудың жеделдетілген үлгілерінің қолжетімділігін арттыру, пациенттер мен дәрігерлердің ортақ жауапкершілігін ұлғайту мәселелерін талқылайды.
Бүгін Тамара Дүйсенова ҚР ДСӘДМ Туберкулез проблемаларының ұлттық орталығында Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының және облыстық туберкулез диспансерлерінің басшыларымен селекторлық тәртіпте жиналыс өткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, туберкулез қоғамдық денсаулық сақтау саласының, әсіресе, Еуро-Азия аймағындағы елдердің маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. ДДСҰ-ның соңғы мәліметіне сай, жыл сайын әлемде туберкулезбен 8,5 млн.-ға жуық адам сырқаттанады. Оның ішінде көптеген дәрілерге төзімді 500 мыңнан астам жағдай тіркелсе, аталған аурудан 1,3 млн. адам қайтыс болады.
Туберкулезге қарсы кешенді шараларды сапалы жүзеге асыру нәтижесінде соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 2,2 есеге азайып, өлім-жітім көрсеткіші 5 есеге төмендеді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді