Қазақстан мен Грекия арасындағы тауар айналым 1 млрд долларды құрады

26 Қыркүйек, 2016 11:27
2015 жылы Қазақстан мен Грекия арасындағы тауар айналым 1 млрд 400 млн долларға жетті, деп «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасы Бөрісби Жанғұзаров Қазақстан-Грекия бизнес форумы барысында айтты.

 «Тараптар арасында тауар айналымы 2015 жылы 1 млрд 400 млн долларды құрады.Өсуге бірқатар мүмкіндік бар, грекиялық экономика соңғы болған оқиғалардан кейін қалпына келуде»,-деді Б. Жанғұзаров.

Оның айтуынша, Қазақстанда оншақты грекиялық компаниялар жұмыс істейді. Олардың ең ірісі құрылыс саласында қызмет етеді.

«Грекия көптеген компаниялармен әйгілі және олар азық-түлік саласында жетістікке жеткен. Оларға ет-сүт өндірісін де кіргіземіз және ол индустриялық-инновациялық дамуда мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты болып табылады»,-деді Б. Жанғұзаров.

Сонымен қатар, форум аясында Қазақстан экономикасына инвестиция тарту тақырыбында қазақстандық компаниялар өкілдерінің тұсаукесерлері ұсынылды.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар