- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Азия парламентаралық форумы өтіп жатыр (ФОТО)
Астанада білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Азия парламентаралық форумы өтіп жатыр (ФОТО)
Аса маңызды шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі, Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Ислам ұйымы (ИСЕСКО) және Ислам даму банкі (ИДБ).Форум аясында Ислам ынтымақтастық ұйымына (ИЫҰ) кіретін және кірмейтін мемлекеттерде ғылым, технология және инновация салаларында нормативтік-құқықтық база және ынталандырушы шаралар үлгісінде үздік зерттеулердің таныстырылымын өткізу көзделуде.
Ауқымды шараның мақсаты – ИЫҰ мүше-мемлекеттердің білім және ғылыми әлеуетін дамыту саласында әріптестікті нығайту. Сонымен қатар, ИЫҰ мүше-мемлекеттердің экономикасы үшін үздік технологияларды енгізу, ғылымды дамытуға ықпал ету, білімге негізделген қоғам құру мәселелері де парламентшілер назарынан тыс қалмауға тиіс.Сондай-ақ, ұлттық инновация жүйесін нығайту, ғылыми-техникалық даму үшін жүйелік мотивация тетіктерін қосу бағыттарына да басымдық беріледі.
Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Ислам ұйымы (ИСЕСКО) Ислам Конференциясы ұйымының мамандандырылыған мекемесі ретінде 1982 жылы 3 мамырда құрылған. ИСЕСКО штаб-пәтер Рабат қаласында орналасқан (Марокко Корольдігі).
Қазақстанның ИСЕСКО-мен ынтымақтастығы 1996 жылы Джакартеде өткен Сыртқы істер министрлерінің 24-ші Ислам конференциясында мемлекеттердің аталған ұйымға ресми қабылдануынан кейін басталды.Бұл ұйыммен әріптестікті ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия үйлестіруге құқылы.
Айта кетейік, ИСЕСКО ЮНЕСКО-мен бірлесіп парламенттік форум өткізуді ұйымдастыруда белсенді серіктестік болып табылады. Парламенттік ғылыми комиитеттердің рөлін нығайту немесе ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру, инновациялық жүйе кешендерінің арасында ынтымақтастық орнату саласында бірлесіп жұмыс атқарады.
Екі күндік талқылаудың қорытындысында «Білім, ғылым және мәдениет саласында парламентаралық ислам ынтымақтастығын нығайту бойынша Астана декларациясы» құжаты қабылданады. Айта кетейік, алғашқы парламенттік форум 2013 жылы Хельсинки қаласында (Финляндия) «Ғылым, технология және инновация саласындағы саясат, парламентшілер пікірі» атты тақырыпта өткен болатын. Осы уақыт аралығында әлемнің әр түпкірінде бірқатар форумдар өткізілді. Оның ішінде, Оңтүстік Азиялық және Оңтүстік шығыс азия парламенттік форумдары, Африка парламенттік форумы мен Араб парламенттік форумы жатады.
Индира Кауметова
Сурет: Азамат Әлиев
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады