• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қоршаған орта және су ресурстары министрі жаңартылмалы қуаттың жоспарлы тарифымен таныстырды

Қоршаған орта және су ресурстары министрі жаңартылмалы қуаттың жоспарлы тарифымен таныстырды

4 Желтоқсан, 2013 11:11
Жаңартылмалы қуат көздерінің тарифы дәстүрлі энергиядан қымбаттырақ болады, деп мәлімдеді Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров «Қазақстанның жаңартылмалы энергиясы» атты инвестициялық форумда.

«Болжам бойынша, 2014 жылы жел энергиясын 19 теңгеден қойып, осы бағаны 15 жыл ұстап тұрмақпыз. Күн энергиясынан алатын қуат құны 29 теңге болса, шағын су станцияларынан алынатын энергияның тарифы 14 теңге болмақ. Ал биоқондырғылардан алынатын энергия үшін халық 27 теңге төлеуі керек», - деді министр.

Қаппаровтың айтуынша, аталмыш тарифтер Үкіметте әлі де талқыланып, өзгеруі мүмкін.

Барлық жаңалықтар