- Басты
- Жаңалықтар
- ОА елдерінің СІМ басшылары өңірдегі қауіпсіздік қауіптерімен бірлесіп күресуге толық дайын екендерін мәлімдеді
ОА елдерінің СІМ басшылары өңірдегі қауіпсіздік қауіптерімен бірлесіп күресуге толық дайын екендерін мәлімдеді
Сыртқы істер ведомстволарының басшылары Орталық Азия аймағында қауіпсіздік пен тұрақтылық қауіптеріне қарсы бірге күресуге дайын екендерін жеткізді. Оның ішінде лаңкестік пен діни экстремизм, есірткіні заңсыз саудалау, шекаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен Орталық Азия аймағын ядролық қарудан еркін ету мәселелері бар.
Сондай-ақ, саясат, қауіпсіздік, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту салаларында екіжақты және көпжақты өзара ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға терең қызығушылық бар екені аталып өтті.
Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлігінің басшылары Қазақстанды 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланғанымен құттықтап, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолындағы еңбекте сәттілік тіледі.
Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстан Орталық Азияның ортақ қызығушылықтарын Кеңес алаңында алға тартып, Орталық Азия аймағының қауіпсіздік пен тұрақтылықты дамытудағы ерекше белсенділігін алға тартатындығын айтты.
Сондай-ақ, тараптар 2016 жылдың 18-19 қазанында Ташкентте «Оқыту мен ағартушылық: бейбітшілік пен жасампаздыққа жол» ұранымен өтетін ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 43-ші сессиясына дайындық мәселелерін талқылады.
Тараптар Орталық Азияда ынтымақтастық пен өзара түсінушілікті нығайту үшін сыртқы істер ведомстволары басшыларының жиі кездесу өткізіп тұруының маңыздылығын атап өтті.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары