- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен АҚШ жаңа салалар бойынша ынтымақтастықты дамытуға ниетті
Қазақстан мен АҚШ жаңа салалар бойынша ынтымақтастықты дамытуға ниетті
Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Қазақстан тәуелсіздігінің және екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар орнауының 25-жылдығы қарсаңында Қазақстан мен АҚШ екі ел арасындағы бұрын-соңды болмаған тығыз стратегиялық серіктестікті атап өтті. Тараптар түрлі екіжақты және көпжақты алаңдарда ағымдағы екпінді ықпалдастықтың жаңа салаларын дамыту үшін қолдануға міндеттенді.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланған алғаш Орталық Азиялық мемлекет бола тұра, Қазақстан ортақ басымдылықтарды ілгерілеу мақсатында Құрама Штаттармен тығыз ынтымақтастығын одан әрі дамыту ниетін растады.
Құрама Штаттар Қазақстанның Ауғанстандағы қауіпсіздік пен дамуды қолдауда және Орталық Азиядағы өңірлік экономикалық интеграцияны, соның ішінде «С5+1» форматындағы ықпалдасу арқылы ілгерілеу үдерісінде көрсеткен жетекшілігін қолдайды. Қазақстан мен Құрама Штаттар жаппай қырып-жою қаруының таратылуын алдын алуға ортақ ұстамдылығын растады. Тараптар терроризм және зорлық экстремизм қауіптеріне қарсы тұруда ынтымақтастықты тереңдетуге міндеттенді.
Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары климаттың өзгеруімен күресуде ынтасын растайды және Құрама Штаттар Қазақстанның ағымдағы жылдың соңына дейін Тараптар конференциясының 21 сессиясы келісімін ратификациялау бойынша ұмтылысын қолдайды. Екі ел энергетикалық қауіпсіздіктің маңыздылығын атап өтті және Құрама Штаттар жасыл энергетикаға бағытталған Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің өтуін қолдады.
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев пен Оңтүстік және Орта Азия бойынша АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Н.Бисвал бастаған делегациялар қазақстан-американдық көпжоспарлы қарым-қатынасына, халықаралық және аймақтық сындарға, оның ішінде қауіпсіздік, экономика, қоршаған орта, адам құқықтары мен өзара қызығушылық танытатын басқа да мәселелерге шолу жасады.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Халықаралық ұйымдар мәселесі бойынша Мемлекеттік хатшының көмекшісі Батшиба Крокермен, Демократия, адам құқықтары мен еңбек істері бойынша Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Томас Малиновскиймен, Халықаралық діни еркіндік бойынша Елші Дэвид Саперстинмен, Мұсылман қоғамдастықтарымен байланыс бойынша Арнайы өкілі Шаарик Зафармен және Ислам қарым-қатынасы ұйымының Арнайы елшісі Арсалан Сулеманмен жеке кездесулер өткізіп, біздің күнтізбенің екіжақты, аймақтық және жаһандық бағыт бойынша қарым-қатынастың мүмкіндіктерін талқылады.
Тараптар Стратегиялық әріптестік комиссиясының ведомствоаралық отырысын толық құраммен 2017 жылы өткізуді және өзара әрекеттестікті жоғары деңгейде басқа алаңдарда жалғастыруды келісті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы