• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы жалпы декларациялау заң жобасына кеңестер мен өзгертулер ұсынады

ҚР Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы жалпы декларациялау заң жобасына кеңестер мен өзгертулер ұсынады

4 Желтоқсан, 2013 11:02
Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасына «ҚР кіріс пен мүлік декларациясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу» заң жобасы келіп түсті. 9 желтоқсанға дейін палата өкілдері заң жобасына енгізетін кеңестері мен толықтыруларын ұсынады. Бұл туралы бүгін жалпы декларациялау тақырыбына арналған дөңгелек үстелде ҚР кәсіпкерлерінің Ұлттық палата Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ертілесова мәлімдеді.

««ҚР кіріс пен мүлік декларациясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу» жобасы келіп түсті. 9 желтоқсанға дейін біз кеңестеріміз бен өзгертулерімізді ұсынуымыз қажет», - деді Ж. Ертілесова.

Сондай-ақ, ол қызығушылық танытқан тұлғалар талқылауға қатыса алатынын айтты.

Айта кетейік, Қаржы министрлігі  «ҚР кіріс пен мүлік декларациясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу» туралы заң жобасын ұсынған болатын.

Тұрғындардың кірісін декларациялау 3 саты бойынша жүзеге аспақ.

 

Барлық жаңалықтар