- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Қазақстанның үздік полицейі марапатталды (ФОТО)
Астанада Қазақстанның үздік полицейі марапатталды (ФОТО)
Республикалық сайысқа барлық өңірден жол-патрульдік полицияның үздік 16 қызметкері қатысты.
«Байқауға қатысушылар 7 негізгі номинацияда сынға түсті: нормативтік-құқықтық актілерді білу, қарудан ату және қызметтік даярлық теориясы, дене шынықтыру, қоян-қолтық күрес дайындығы, алғашқы жедел жәрдем көрсету, жоғары қозғалысты көше қиылысында жол қозғалысын қолмен реттеу, 3 түрлі көлікті (жеңіл, жүк және мотоцикл) жоғары жылдамдықта жүргізу», - дейді ҚР ІІМ басқарма басшысының орынбасары Еркін Мүсілімов.
Оның айтуынша, байқауға қатысқан қызметкерлердің жұмысқа ынта-жігері ерекше және өзгелерге үлгі болады.
Сонымен, байқау қорытындысында ШҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің жол-партульдік полициясының қызметкері Жеңіс Дуанов жеңімпаз атанды. Ақмола облысының жол-патрульдік полицейі Рүстем Ахметов екінші орын, Жамбыл облысының полиция сержанты Елдос Тоқабаев үшінші орынды иеленді.
«Байқау өте жақсы өтті. Мұндай сайыстар полицейлер үшін маңызды. Өйткені, біз білімімізді тереңдетіп, шеберлігімізді шыңдауға мүмкін алдық», - дейді полицияға 10 жылын арнаған байқау жеңімпазы Жеңіс Дуанов.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды