• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары қалалық сенбілікке шықты (ФОТО)

Астанада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары қалалық сенбілікке шықты (ФОТО)

24 Қыркүйек, 2016 10:03
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары елордада өтіп жатқан жалпықалалық сенбілікке қатысуда.

«Астана-өзінше ерекше қала, бұл біздің байлығымыз мен жетістігіміз. Ол үшін біз жұмыс жасауымыз керек, яғни қаланың көгалдануы мен таза болуына өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Мен шынымен Астананы көрікті қалалардың бірі деп есептеймін»,-деді мәжілісмен Геннадий Шиповских.

Депутат Светлана Бычкова ауыл шаруашылығы жұмыстарының міндеттерін еске алды.

«Мен ауылдан шыққанмын,сол себепті осы сынды жұмыстарды жасап тұрдық. Күз және көктем айларында біз ауыл шаруашылығы жұмыстарын жасауға шығатынбыз. Ол айтарлықтай қиын еңбек болатын: отырғызу, арам шөптерді жұлу, егін жинау. Дегенмен, ол өзінше қуанышты еңбек болды. Ол күндерден тек жақсы естеліктер қалды»,-деді депутат.

Светлана Бычкова Мәжілісте жұмыс жасаған уақытынан бастап бірнеше ағаш отырғызғандығын айтты және қазір қалада өтіп бара жатып, өз еңбегінің нәтижесін көретіндігі қуантады.

«Бұл ең алдымен депутаттардың өздері үшін де, Парламент қызметкерлері үшін де  өте жақсы денешынықтыру десек болады. Ал екіншіден, өз елордаңды әдемілеп абаттандыруға  зор үлес қосасың»,-деді ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Гүлмира Ықсанова.

Астанада өтіп жатқан жалпы қалалық сенбілікке барлық үш ауданнан 98 мың адам қатысуда. 

Сурет: Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар