- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанға 25 жыл ішінде 1 млннан астам оралман келді
Қазақстанға 25 жыл ішінде 1 млннан астам оралман келді
1995 жылдан бастап «Қазақ диаспорасын қолдау бойынша мемлекеттікбағдарлама» дайындалды. Жаңа заңнама қазақстандық азаматтықты алуға жеңілдіктер жасады. 24 жыл ішінде этиникалық қазақтардың тарихи отандарына қайта келуін жақсарту бойынша нормативті-құқықтық актілерге өзгерістер енгізіліп отырды. Бүгіндері қазақстандық диаспораның өкілдері әлемнің шамамен 40 елінде өмір сүріп жатыр.
«1991 жылдан бастап 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін елімізге шетелден шамамен 1 млннан астам этникалық қазақстар келді, әлеуметтік мемлекеттік бағдарламалар қабылданды, мөлшерлеп талдама жасадық – барлығының 75 пайызы бұрыңғы КСРО елдерінің өкілдері және 25 пайызы басқа елдерден келгендер. Олар көбінесе Өзбекстан, Қытай және Моңғолия»,-деді М.Әбенов.
1991 жылдан бастап 2016 жылдың 1 қаңтар айына дейін тарихи отанымызға 261 мың 104 отбасы келіп, оралман деген мәртебе алды немесе 957 мың 772 эникалық қазақтар. Олар халықтың жалпы санының 5,5% құрайды. 61,6 пайыз оралмандар Өзбекстаннан келді, 14,2 пайызы Қытайдан, 9,2 пайызы-Моңғолиядан, 6,8 пайызы –Түркменістаннан, 4,6 пайызы-Ресейден және 3,6 пайызы басқа елдерден келді.
Оралмандардың көп бөлігі Оңтүстік Қазақстанға қоныстанды – 21,2 пайыз, Алматы облысына-16,3 пайыз, Маңғыстау облысына-13 пайыз, Жамбыл облысына-9,4 пайыз және басқа аймақтарға-40,1 пайыз.
Жұмыс жасай алатын тұлғалар 55,6 пайызды, 18 жасқа дейінгі балалар 39,9 пайызды және зейнеткерлер 4,5 пайызды құрады. Оралмандардың ішінде жоғары білімі барлар 8,8 пайызды, 20,6 пайызы – орта білімі барлар, 60,8 пайызы – жалпы орташа білімі барлар жіне 9,8 пайзды – білім жоқтар құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 24 қараша айында Мелекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына қол қойды.
Индира Қауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды