• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жаңартылмалы қуат жобаларын қаржыландыру мәселесі Астанадағы халықаралық инвестициялық форумда талқыланады

Жаңартылмалы қуат жобаларын қаржыландыру мәселесі Астанадағы халықаралық инвестициялық форумда талқыланады

4 Желтоқсан, 2013 10:30
Бүгін Астанада жаңартылмалы энергия бойынша халықаралық инвестициялық форум өтіп жатыр.

Форум жаңартылмалы қуат көздерін мемлекеттік қолдаудың негізгі ұсынылып отырған элементтер механизмін, жаңартылмалы қуат жобаларын қаржыландыру және оның Қазақстанда кеңінен таралуына қатысты бірқатар мәселелерді жан-жақты талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

«Қазіргі таңда біз жаңартылмалы энергия көзі секторындағы ережелерді дайындап жатырмыз. Қазірден бастап 2014 жылға 15 жылдың мерзіммен қаржыландыру тарифтерін қолға алып жатырмыз», - дейді Н.Қаппаров.

Министрлік жел қуатынан алынатын электр энергиясының 1 кВтс-қа 19 теңгеден қою керектігін, ал күн энергиясынан алынатын қуаттың бір сағаттық кВт-ын 29 теңгеден, шағын су станцияларының қуатын 14 теңгеден, биогаз қондырғылары қуатының сағаттық кВт-ын 27 теңгеден қоюды ұсынып отыр.

«Энергетикалық сектор ауа-райы өзгерісі мен жергілікті деңгейде ауа ластануына айтарлықтай әсер етеді. Қазақстандық энергетикалық сектор қазіргі таңда негізінен көміртегімен жұмыс істейді, демек СО2 қалдықтарын көп шығарады деген сөз. Салыстыру үшін айта кетейік, біздің шығаратын көмірқышқыл газы әлемдік көрсеткіштен үш есеге артық. Осынау көрсеткіштерді ескере отырып, IFC Қазақстанның қуат көзін үнемдеу мен елдегі энергия балансын сақтау бойынша «жасыл» экономика бастамасына қуана-қуана көмек көрсетеді», - дейді Халықаралық қаржы корпорациясының директоры Моаззам Мекан.

Сонымен қатар, Н.Қаппаровтың айтуынша, жаңартылмалы қуат көздері өндірісінде электр энергиясының бірыңғай сатып алушысы анықталған. Ол – инвесторлардың қаржысын қайтарып беруге кепілдік беретін есептеу-қаржылық орталығы.

Айта кету керек, 2009 жылы Қазақстан БҰҰ-ның ауа-райының өзгеруі туралы Киот хаттамасын ратификациялады. Ал 2010 жылы 2020 жылға дейін парниктік газ қалдықтарын 1992 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 15 пайызға дейін азайту міндеттемесін алды. Бұл ел саясатының жаңа сипат алуына бастама болды.

Барлық жаңалықтар