- Басты
- Жаңалықтар
- Қытай мен Литва ЭКСПО-2017 көрмесінде павильон жобаларын әрлеуге дайын (ФОТО)
Қытай мен Литва ЭКСПО-2017 көрмесінде павильон жобаларын әрлеуге дайын (ФОТО)
Басқосу барысында Ахметжан Есімов «Болашақ энергиясы» тақырыбында өткізілетін көрмеге дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырып кетті.
Сондай-ақ, ұлттық компания басшысы Қытайдың баламалы энергия көздерін пайдалану мәселесіне назар аударып жүргендігіне ерекше тоқталды. Айталық, мемлекет «жасыл энергетика» саласына 103 млрд. доллар бөлініп, әлем бойынша ең көп қаржыландырғандар қатарынан табылды.
Қытай ұлттық павильоны көрменің ең үлкен павильондарының бірінде орналасатын болады. Сонымен қатар, Қытай павильоны мейлінше қызықты павильондарының біріне айналатындығына еш күмән жоқ. Қазіргі таңда жақтар ұйымдастыру мәселелері бойынша тығыз жұмыс істеуде. Қытайлықтардың сұранысы бойынша ЭКСПО-қалашығында Қытай ұлттық павильон қызметкерлеріне 50 апартамент бөлінген.
«Көптеген қытайлық энергетикалық компаниялар көрмеге қатысуға үлкен қызығушылық білдіруде. Тіпті, олардың кейбірі ұсыным беріп те қойды», - деді өз сөзінде ҚХР ұлттық павильонын комиссары.
«Бүгінгі таңда құзыретті министрлік өкілдерінің қатарынан Қытай павильонының контентін жасау бойынша арнайы комиссия құрдық. Павильон жобасы дайын. Жақын арада іске кірісуге дайынбыз» - деді Ван Цзиньчжэнь.
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Басқарма төрағасы барлық павильондар қатысушы мемлекеттерге биылдың қазан айында берілетіндігін және сол уақыттан бастап Қытай павильонының ішкі жұмыстарына кірісіп кете алатындығын айтты.
Қытай павильонының комиссарының сөзінше ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Қытай мемлекетінің ұлттық күнін жобамен 5-6 шілдеде өткізіледі.
Сонымен қатар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Литва делегациясымен кездесті.
«Бүгін біздің көріп отырғанымыз, яғни атқарылып жатқан жұмыс сапасы, жоғарғы деңгейдегі ұйымдастырушылық мәселелер көңіл қуантады. Өз кезегімізде көрме барысында абыройлы болу үшін біздің ұлттық павильонның ішкі мазмұны бойынша белсенді жұмыс жасап жатырмыз», - деді Қазақстан Республикасындағы Литва Республикасының елшісі Др.Витаутас Наудужас.
Сондай-ақ, литвалықтар виза мәселлесі бойынша қолдау көрсетуді сұрады. Өйткені, Литвадан көрмеге көптеген келушілер болады деп күтілуде.
Ұлттық компанияның Басқарма басшысы барынша жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді. Оған қоса, Литва павильоны мейлінше мазмұнды болатындығына сенім білдірді. Себебі, Литва баламалы энергия көздерін пайдаланудағы үлесін 60 пайызға жеткізу бойынша қарқынды жұмыс атқарып жатыр.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады