Әйелдер қоғамы «25 пайдалы іс» акциясына үлкен үлес қосты – Әбдықалықова

23 Қыркүйек, 2016 16:37
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдықалықованың төрағалығымен әйелдерге қатысты барлық теңсіздіктің жойылуы туралы конвенцияның орындалу барысы бойынша отырыс өткізді.

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат бойынша комиссия төрағасы Жоғарғы соттың, Бас прокуратураның, ішкі істер, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баяндамаларын тыңдады.

ҚР Мемхатшысы хабарлағандай, комиссия отырысының күн тәртібінде үш маңызды мәселе талқыланды.

«Бірінші мәселе: БҰҰ Комитетінің қорытынды ескертулерін іске асыру бойынша Қазақстанның әйелдерге қатысты теңсіздіктің  барлық  әдістерін  жою туралы конвенцияны іске асыру бойынша біріккен үшінші және төртінші баяндама бойынша  іс-шаралар жоспарын іске асырудың барысы туралы. Екінші мәселе: 2006-2016 жылдарға Қазақстан Республикасындағы гендерлік даму стратегиясының іске асуы, теңдік бойынша шаралар туралы. Үшінші мәселе: отбасылық гендерлік саясат тұжырымдама жобасы туралы»,-деді Г.Әбдықалықова.

Ұлттық комиссияға әйелдер тарапынан шағымдар жиі түседі. Осылайша, 2015 жылы сотқа түскен қылмыстық істердің 43,1 пайыз жәбірленушілер – әйелдер мен балалар болған. 

Мемхатшы әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның «25 пайдалы іс» акциясына үлкен үлес қосқанын атап өтті. Аталмыш науқан аясында жетім балаларға арналған әлеуметтік-маңызды шаралар ұйымдастырылды.

Гендерлік теңдікті насихаттау, әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту БҰҰ-ның мыңжылдық дамуының мақсаты болып табылады. Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумда гендерлік теңдіктің жаһандық рейтингісінде 47-ші орында тұр.

Барлық жаңалықтар