• Басты
  • «Самұрық-Қазына» қоры жаңа салаларды дамытуға жылына 80 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр
23 Қыркүйек, 2016 17:54

«Самұрық-Қазына» қоры жаңа салаларды дамытуға жылына 80 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр

«Самұрық-Қазына» АҚ сараптамалық-консультативтік кеңесінің отырысы өтіп, онда компанияның топ-менеджменті Қор компаниялары тобының бизнесін трансформациялау бағдарламасының аралық қорытындысын шығарды, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» АҚ.

«Самұрық-Қазына» қоры жаңа салаларды дамытуға  жылына 80 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр | Strategy2050.kz

Трансформация бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде «Самұрық-Қазына» АҚ операциялық холдинг үлгісінен «белсенді инвестор» рөліне көшу жұмысын жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда Қор тобы жобаларының инвестициялық қоржынында құны 108 млрд. доллар болатын 100 шақты жоба бар. Жалпы инвестициялық бағдарлама бойынша жобалар іске қосылғанға дейін 80 мың жұмыс орнын, іске қосылғаннан кейін 40 мың жұмыс орнын ашу көзделген.

«Біз табысы жоғары, салынған капиталды жоғары деңгейде қайтара алатын жобаларға инвестиция салуға көштік. Қордың инвестициялық жобалары ішінен мына екі бағытты атап айтуға болады – жаңа инновациялық технологиялармен қамтылған жаңа металлургия және Атырау мен Тараздағы органикалық және органикалық емес кластерлер», - деді Өмірзақ Шөкеев сараптамалық-консультативтік кеңес отырысында.  

Қор қоржынындағы жобалар экономиканың дәстүрлі салаларында ғана емес, жаңа индустриялық бағдарламада басымдық берілген,  жаңа дамып келе жатқан салаларда – мұнай-газ химиясы мен агрохимияда, сондай-ақ, тау-кен секторында қолға алынып отыр.  

«Біздің инвестициялық бағдарлама ИИДМБ 2 басымдықтарымен сәйкес келеді. «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы іске асырып жатқан жобалар индустрияландыру картасын толықтыруға негіз болады», - деді ол.

Қор 2016-2020 жылдары жаңа салаларды дамытуға, жылына 50-80 млрд. теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл жобалар да толық іске қосылғанға дейін 9 мың, іске қосылғаннан кейін 8 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Сараптамалық-консультативтік кеңес мүшелері Қордың бизнесті трансформациялау аясындағы бастамаларына жоғары баға берді.

ҚР Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаеваның айтуынша, сараптамалық кеңестің ашық жұмыс форматы Мемлекет басшысының «Самұрық-Қазына» АҚ Трансфомациясы форумында берген тапсырмаларының қай деңгейде орындалып жатқандығын жан-жақты көрсетті.

«Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ мен сараптамалық-консультативтік кеңестің ашық форматтағы жұмысының оңды тұстарын атап өткім келеді. Мәжілістегі есігіміз де әрдайым ашық, көптеген әріптестеріміз жұмыс топтарында еркін жұмыс істей алады. Енді біз «Самұрық-Қазына» қорының да есігі әрдайым ашық екенін көріп отырмыз», - деді Г.Исимбаева.

Кеңес отырысында «Самұрық-Қазына» корпоративтік орталығындағы трансформация мәреге шыққаны атап өтілді. Барлық деңгейде ашық конкурстық негізде өткізілген жаңа ұйымдық құрылымға өту жұмысы аяқталды. Нәтижесінде корпоративтік орталықтағы топ-менеджерлер саны 16 адамнан 9 адамға азайса, Қор қызметкерлерінің құрамы 40 пайызға жаңарып, ұйым 30 пайызға оңтайландырылды.

«Мен кадрларды таңдаудағы ашықтыққа мән берілгенін атап өтер едім. Қазақстан – шағын мемлекет, мен «Самұрық-Қазынаға» жұмысқа тұру туралы көптеген адамдардан естіп-білгенімді ғана айта аламын, олардың көбісінің пікірі оңды. Жалпы алғанда Трансформация бағдарламасының өзі Қор компаниялары тобындағы оңды өзгерістерге себепкер болып отыр», - деп атап өтті Стратегиялық бастамалар орталығының бас әріптесі Олжас Құдайбергенов.

Сондай-ақ, Бизнесті трансформациялау бағдарламасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының, халықаралық қор биржаларының стандарттарына сәйкестендірілген. Нәтижесінде, ЭЫДҰ-ның қолдауымен жаңа Корпоративтік басқару кодексі жасалып, бекітілді.

«Трансформацияның ең жағымды тұсы – тәжірибе бөлісу. Және мұның бәрі біртұтас жүйеде, біртұтас бизнес үдерістер шеңберінде жасалып жатыр. «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында жедел әрі озық нәтиежелер бар, ал негізгі мақсаттарға орта және ұзақмерзімді кезеңде қол жеткізілуі тиіс», - деді белгілі қаржыгер Жаннат Ертілесова.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды