• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ю. Стрельчук: Семей полигонының аймағы адам денсаулығына қауіпті емес (БЕЙНЕ)

Ю. Стрельчук: Семей полигонының аймағы адам денсаулығына қауіпті емес (БЕЙНЕ)

23 Қыркүйек, 2016 19:16
Зерттеулер айқындағандай, Семей полигонының көп бөлігі ластанудан арылған және адам денсаулығына ешқандай қауіп төндірмейді. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында ҚР Ұлттық ядролық орталығы радиациялық қауіпсіздік институтының оқыту-ақпараттық орталығының жетекшісі Юрий Стрельчук мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1992 жылғы 15 мамырда құрылды. Оның негізгі бағыты Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту бағдарламасын қолдаудағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, нақты аймақтарда атом станцияларын салуды техника-экономикалық негіздеу, атом энергетикасы мен термоядролық энергетика қауіпсіздігі, ғарыштық ядролық энергетикалық қондырғылар, қатты дененің радиациялық физикасы және реакторлық материалтану. 2009 жылдан бастап  орталық полигон  жерлерін ауыл шаруашылығы мақсатында қолдану үшін кешенді экологиялық зерттеулер жүргізе бастады», - деді ол.

Оның айтуынша, осыған дейін өткізілген зерттеулер  аймақтың көп бөлігі ластанудан арылғанын және  адам денсаулығына ешқандай зиян келтірмейтінін дәлелдеді.

«Алдын ала зерттеулер бойынша  аймақтың 80 пайызын ласталмаған аймаққа жатқызуға болады. Ал, 20 пайызы – ластанған, ядролық сынақтың әсерінен айықпаған жерлерді  ауыл шаруашылығы мақсатында қолдануға тыйым салынды», - деді ол.

Сарапшының айтуынша, Семей полигоны аймағында адамның денсаулығына қандай  да бір әсер бермейді.

«Біздің қызметкерлер айлап полигонда жұмыс істеді. Кейін ешқандай салдары әсер етпеді. Біз ондай аймақтарға рекультивация жасап, ластанудан айықтыруды көздеп отырмыз», - деді ол.

 Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар