Алматыда ірі агроөнеркәсіптік кешен салынады

23 Қыркүйек, 2016 19:54
Алматыда Наурызбай ауданында «Look at the future» инвестициялық форумы өтті, деп хабарлады қала әкімдігінде.

Шара барысында аудан әкімі Сайран Сайфеденов жаңадан қосылған облыстың инвестициялық әлеуеті туралы әңгімелеп берді.

«Қазіргі күні Наурызбай ауданы 6967 га жер алқабы бар алаң және ол әкімшілік ғимараттар, әлеуметтік және өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысына арналған. Сонымен қатар, ауданда 700-ден астам жер учаскелері бар, ал ол ауыл шаруашылығын  дамытуға арналған – жылжай құрылысы, агроөнеркәсіптік кешен, алма бақшаларын салу және тағы басқалар»,-деді Наурызбай ауданының әкімі.

Сайран Сайфеденов ауданның инфрақұрылымын дамыту және инвестициялық ахуалын жақсарту туралы айта келе, бүгінгі күні 1200 орынға арналған мектеп пен ауысымда 500 келушіге арналған емхана салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты.

Сонымен қатар, 2014 жылдан 2016 жылға дейін ауданда 50 шақырым болатын 70 көшенің автокөлік жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жаңа арық желілері салынуда, 20 шақырым болатын 8 магистралдық көшелерге сыртқы жарықтандыру желісі салынатын болады. 

«Инвестициялық тартымдылықты, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік инвесторлардың қызығушылығы көрсетеді. Осылайша, ауданда аквапарк салу жоспарлануда. Сонымен қатар, инвесторлар көпқабатты тұрғын үй кешенін салуға ниетті, сондай-ақ ірі агроөнеркәсіптік кешен тұрғызуға ниетті және олар көліктік-логистикалық орталықтың қызметін атқаратын болады»,-деді С. Сайфеденов.

Аудан әкімі негізгі капиталға инвестицияның көлемі аудан бойынша 6,5 млрд теңгені құрағандығын айтты және ол өткен жылғымен салыстырғанда 3,5 есеге өсетін болады. 2016 жылы негізгі капиталға салынған сыртқы инвестиция көлемі 23,6 млн теңгені құрады.

Барлық жаңалықтар