• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Премьер-Министрі Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді

ҚР Премьер-Министрі Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді

23 Қыркүйек, 2016 15:36
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік банктің аймақтық директоры Лилия Бурунчукпен және Банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Френсис Ато Браунмен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Кездесу  барысында Қазақстанда Дүниежүзілік банктің қатысуымен қаржыландырылатын жобалардың жүзеге асырылу жайы талқыланды. Сонымен қатар болашақтағы ынтымақтастық бағыттары айқындалды.

Қазақстан 1992 жылдың шілде айынан бері Дүниежүзілік банктің мүшесі болып табылады. Осы уақыт ішінде 45 жобаны қаржыландыру мақсатында Банк Қазақстанға жалпы сомасы 8 млрд АҚШ долларынан астам қаржы бөлген. 

 

 

Барлық жаңалықтар