• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодарлық аграрлық қызметкерлер Астанадағы жәрмеңкеге 700 тонна ауыл шаруашылық өнімдерін әкеледі

Павлодарлық аграрлық қызметкерлер Астанадағы жәрмеңкеге 700 тонна ауыл шаруашылық өнімдерін әкеледі

23 Қыркүйек, 2016 20:41
Павлодарлық аграрлық қызметкерлер Астанадағы жәрмеңкеге 200 млн. тоннадан астам қаржыға 700 тонна ауылшаруашылық өнімдерін әкеледі, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Павлодар облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Қасенов.

ҚР АКМ Орталық коммуникациялар қызметінде Астанадағы Павлодар облысының күндеріне арналған баспасөз конференциясы өтті. Іс-шара кезінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Қасенов атап өткендей, 24-25 қыркүйекте астаналықтар ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына бағытталған «Қуатты өңір - қуатты Қазақстан» акциясы шеңберінде Павлодар облысының жетістіктерімен таныса алады.   

«Павлодар облысы Қазақстанның өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады.   Агроөнеркәсіптік кешенінің үлес салмағы жалпы ішкі өнімнің 4,9%-ын құрайды. Жыл басынан бері облыстың ауыл шаруашылығына 10 млрд теңгеден астам қаржы салынды, 310 жұмыс орнының ашылуымен 15 инвестициялық жлба жүзеге асырылды», - деп мәлімдеді Б. Қасенов.

Оның айтуынша, облыстың агроөнеркәсіптік кешенінде инновациялық технологияларды енгізу, жоғары өнімді техника мен жабдық алу, өсірілген өнімді сақтау мен қайта өңдеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.  Жаңа мал бордақылайтын алаңдар ашылып, қайта өңдеу кәсіпорындарының жаңа цехтарын іске қосу мен жаңарту жүргізілуде.  

Жүргізіліп жатқан жұмыс жергілікті тауар өндірушілерге өндіріс көлемін арттыруға және республиканың басқа өңірлері мен таяу шетелге жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. «Павлодар, Ақтоғай, Железин аудандарының, Ақсу қаласының ауылдық жерінің көкөніс өсіруші шаруашылық алқабында өсірілген павлодарлық картоп, Павлодар ауданы Черноярск алабынан орамжапырақ,  Баянауыл өңірінен ет, қымыз – тек экологиялық таза өнімдер ғана емес, сонымен бірге әрдайым жоғары сұраныспен пайдаланатын жоғары дәмдік сапаға ие болып отыр», - деп атап өтті Б.Қасенов.

Павлодар облысы 24-25 қыркүйекте «Хан Шатыр» СОО маңындағы алаңда өткізілетін ауылшаруашылық жәрмеңкесіне қатысады. Елордаға облыстық барлық өңірінен 100-ден астам кәсіпорын мен ауылшаруашылық құрылымдары келеді. Ауылшаруашылық тауар өндірушілері 200 млн. теңгеден астам қаржыға облыста өндірілетін 700 тонна ауылшаруашылық өнімдерін әкеледі, оның ішінде 90 тоннадан астам ет пен ет өнімдері, 300 тонна картоп, 140 тонна көкөніс және 150 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдері бар.

«Павлодарлық ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерінің өнімдері астаналықтардың үлкен сұранысына ие.  Әсіресе ет өнімдері, картоп пен көкөністер көп сатылады. Павлодар кәсіпорындары елорда тұрғындарына біршама қолайлы бағалар бойынша азық-түлік өнімдерінің кеңейтілген ассортиментін ұсынады», - деп сөзін толықтырды  Б. Қасенов.

Барлық жаңалықтар