- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жыл соңына дейін 10 мың тауар өндірушіні оқыту жоспарланған
Қазақстанда жыл соңына дейін 10 мың тауар өндірушіні оқыту жоспарланған
«Фермерлерге арналған семинарларды шілденің аяғында бастаған болатынбыз, біліктілікті арттыру семинарларын қазанда өткізуді қарастырып отырмыз. Республикалық бюджет туралы заңға сәйкес АШМ бюджеті бұл мақсаттарға 1 млрд теңгені қарастырып отыр», - деді ол.
Т.Рахымбеков айтып өткендей, фермерлер үшін оқыту үрдісі тегін жүзеге асырылады, мұндай үрдіс өзге бірде-бір салада кездеспеген.
«Бұл ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау көрсету шараларының бірі болып табылады. 2016 жылдың соңына дейін Қазақстанда 10 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні қамтитын 700 семинар өткізу жоспарланған», - деді ол.
Сондай-ақ, директор айтып өткендей, фермерлердің уақытша мүмкіндіктерін пайдалана отырып, семинар 1-3 күнге есептелген. Фермерлер өздеріне қызықты бағытты таңдап алады.
«Сұраныстар бойынша біз оқыту бағдарламасын әзірлейтін боламыз. Дәріс оқитын маман мен сарапшыны іріктеп аламыз. Талқыланатын мәселелер өте көп, гербицидтер мен пестицидтер, экономикалық тиімділікті арттыру мен мемлекеттік қолдау мәселелері де бар. Аталмыш бағдарлама аясында барлық қатысушыларға мониторинг пен сауалнама жүргіземіз. Нәтижесінде, сауалнамаға қатысқандардың 80 пайызы семинарлар туралы пікір қалдырады», - деді Н.Рахымбеков.
Индира Кауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі