- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Ғылымның қазіргі заманғы жетістіктері ауыл шаруашылығын сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді
Н.Назарбаев: Ғылымның қазіргі заманғы жетістіктері ауыл шаруашылығын сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен және өткізумен айналысатын аграрлық кәсіпорын қызметімен, сондай-ақ егін алқабының жай-күйімен танысты.
Қазақстан Президентіне Қостанай облысындағы астық жинау науқаны мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлерімен әңгімелесті.
«Қостанай облысы ауыл шаруашылығы тауарын ең көп көлемде шығаратын өңір болып саналады. Мемлекет ауыл шаруашылығына қолдау көрсетуін жалғастыра береді. Осы саланы ғылымның қазіргі заманғы жетістіктерін ескеріп, озық шетелдік тәжірибені зерделей отырып жетілдіру қажет. Бұл ауыл шаруашылығын сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы.
Аграрлық сала еңбеккерлері Қазақстан Президентіне өңірге жан-жақты қолдауы және ауыл шаруашылығы саласында жүргізіп отырған тиімді саясаты үшін алғыстарын білдірді.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға жемісті жұмыс пен зор табыс тіледі.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді