- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Мажарстан ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойды (ФОТО)
Қазақстан мен Мажарстан ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойды (ФОТО)
Меморандум ауыл шаруашылығы өндірушілері арасында озық білім түрлерін тарату әдістерін жетілдіру мен зерттеу, ауыл шаруашылық салаларын жетілдіру, АӨК субъектілеріне білікті мамандандырылған консультативтік қызметтерді ұсыну туралы екіжақты байланыс орнатуға бағытталған.
«Меморандум аясында біз фермерлерге арналған бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Біздің мақсатымыз агроөндірістік кешен субъектілерін қолдаудың озық халықаралық ақпараттық әдістерін қолдану. Меніңше, қазіргі кезде меморандум Қазақстан-Мажарстан экономикалық байланысын нығайтып, ауыл шаруашылығы өндірушілері арасында байланыс орнатады», - деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Агроқұзырет орталығының директоры Төлеутай Рахымбеков.
«LAC HOLDING» ірі мажарлық компаниясының құрамында 50-ден астам кәсіпорын шоғырланған. Холдингтің ауыл шаруашылығы саласында көпжылдық тәжірибесі бар, атап айтсақ, агроөндірістік кешен үшін кадрларды дайындау мен қайта дайындап шығаруды жүзеге асырады. Холдинг құрылымындағы жоғары білікті мамандандырылған тәлімгерлер ауыл шаруашылығы саласында білімді тарату бойынша ондаған жылдар бойы жұмыс істеп келеді.
«Бізде Қазақстан Республикасымен ұзақмерзімді жоспар бар, Республиканың ауыл шаруашылығы саласын жетілдіру мен дамытуда ынтымақтастықты көздеп отырмыз. Мажарстан ауыл шаруашылығы саласында озық білім базасына ие, елде білімді мамандар баршылық, білім беру саласы кез келген саланың негізінде жатыр. Біз аталмыш бағдарламаға қатысқанымызға өте қуаныштымыз. Бұл меморандум екі елдің арасындағы байланысты күшейте түсіп, ынтымақтастығымызды арттырады деген үміттеміз», - деді Қаақстандағы Мажарстанның төтенше және өкілетті елшісі Андраш Бараньи.
Айта кетейік, Агроқұзырет орталығы «LAC HOLDING» сарапшыларымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің АӨК субъектілерін ақпараттық қамсыздандыру бойынша мемлекеттік білімін жүзеге асыру бойынша бірге жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, «Атамекен» ҰКП Агроқұзырет орталығын құру шешімі 2016 жылдың 16 маусымында «Атамекен» ҰКП-ның кезекті съезі барысында ҚР АШМ мемлекеттік білімін тиімді жүзеге асыру мақсатында құрылған болатын.
Индира Кауметова
Сурет:Азамат Әлиев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары