«Эйр Астана» жаңа Airbus A320 ұшағымен толықты

4 Желтоқсан, 2013 09:54
«Эйр Астанаға» өндіруші зауыттан шарклетті су жаңа Airbus A320 ұшағы әкелінді, деп хабарлайды компанияның жұртшылықпен байланыс департаменті.

«Airbus концернінің 6 ұшағын әкелу туралы келісім 2008 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға жасаған сапары кезінде түзілген болатын. Осылайша «Эйр Астана» аталмыш түрдегі әуе лайнерлеріне қол жеткізді», - делінген хабарламада.

«Біз өзіміздің инвестициямызбен заманауи, сенімді және сапалы ұшақтарды алып отырғанымызға қуаныштымыз. Ұшақтың бұл түрі әуе сипаты жоғары және «шарклетті» қанатының арқасында жанармайды өзгелерге қарағанда азырақ қолданады. Бұл өз кезегінде болымсыз жағдайлардың да алдын алады. Осындай бастамаларға кірісе отырып біздің компания жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, сапалы қызмет көрсетуге қол жеткізіп, қоршаған ортаға келер зиянды азайтады», - дейді «Эйр Астананың» президенті Питер Фостер.

 

Барлық жаңалықтар