- Басты
- Жаңалықтар
- Канаданың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтады – ҚР СІМ (ФОТО)
Канаданың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтады – ҚР СІМ (ФОТО)
Келіссөз барысында Канаданың сыртқы істер министрінің м.а. Ли Сарти Оттавада екі жақты қарым-қатынастың ағымдағы жағдайы мен келешегін, визалық режимді жеңілдету мәселелері және ЭКСПО-2017 көрмесіне канадалық компанияның қатысуы талқыланды.
Р.Жошыбаев Қытайда өткен G20 Саммиті алаңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Канаданың Премьер-Министрі Джеймс Трюдомен кездесуінің ерекше маңыздылығын атап өтті. Кездесу аясында Мемлекет басшысы оны 2017 жылы Астана қаласына шақырды. Көрме комиссарының айтуы бойынша, ЭКСПО-2017 көрмесінде канадалық компанияның қатысуы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, СІМ ақпараты бойынша, Канаданың іскерлік астанасы Торонтода Р.Жошыбаев мамандандырылған «дөңгелек үстелдің» отырысына қатысып, «Қазақстан және Канада. ЭКСПО-2017 аясында Еуразиядағы канадалық іскерлік қауымдастық пен «Қазақстан-Канада» Іскерлік Кеңесі ұйымдастырған ынтымақтастықтың мүмкіндіктері» атты бизнес мәслихатта сөз сөйледі.
«ЭКСПО-2017» комиссары бизнес-қоғамдастықпен көрмеге дайындық мәселелері мен олардың қатысу мүмкіндіктерін талқылады. Канадалық тарап «Болашақтың энергиясы» атты тақырыптық көрмеге қатысуға ниет білдірді.
Канадада шамамен 80 пайыз электр баламалы көздер есебінен өндіріледі. Сол себепті ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі тақырыбы оларға жақын келеді.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша, көптеген канадалық компаниялар Астана көрмесіне дайындығын айтып, ЭКСПО-2017 алаңында келесі жылы «Қазақстан-Канада» Іскерлік Кеңесінің кезекті отырысын өткізуге дайын екендіктерін айтты.
Сапар барысында Р.Жошыбаев Канаданың ірі туристік компаниялары үшін өткізілген «ЭКСПО-2017» роуд-шоуына да қатысты. Кездесу барысында туризм саласында тәжірибемен бөлісу мәселелері, канадалық туроператорларды ынтымақтастыққа тарту және ЭКСПО-2017 көрмесінде туристік топтамаларды іске асыру мәселесі талқыланды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты