Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды

23 Қыркүйек, 2016 11:36
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай қаласына келді. Жұмыс сапары аясында Елбасы әлеуметтік саланың, ауыл шаруашылығы мен өндірістің бірқатар нысандарын аралап көреді.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өңірдің жұртшылығы өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған. 

Барлық жаңалықтар