• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасы «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы Жарлыққа өзгертулер енгізді

Елбасы «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы Жарлыққа өзгертулер енгізді

23 Қыркүйек, 2016 11:57
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 724 Жарлығына өзгерістер енгізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің                   2009 жылғы 13 қаңтардағы № 724 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру гранты тағайындалсын.»;

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекітсін;».

2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Барлық жаңалықтар