• Басты
  • Жаңалықтар
  • С.Ли: Борышкерлердің елден шығуына тыйым салу ерекше жағдайларда ғана жүзеге асырылуы тиіс

С.Ли: Борышкерлердің елден шығуына тыйым салу ерекше жағдайларда ғана жүзеге асырылуы тиіс

23 Қыркүйек, 2016 11:34
Борышкерлердің елден шығуына шектеу қою ерекше жағдайларда ғана қолданылуы керек, деді Жеке сот орындаушылары республикалық палатасының төрағасы Сергей Ли.

«Бүгінде алимент төлемей отырған борышкерлер үшін тәртіп  қылмыстық және әкімшілік тұрғыда күшейтіледі. Сондай-ақ, палата  әкімшілік айыппұл салу мәселесін көтереді, себебі тұрғындардың барлық шағымы жеке сот орындаушыларының қызметіне  бағытталған,  ол елден шығу,  аз сома үшін мүлікке тиым салу мәселелері. Біз бұл мәселені борышкерлер өз қарыздарын уақытылы  өтеулері үшін көтеріп жатырмыз, демек міндеттеуге жеткізбей төлеген дұрыс», - деді С.Ли «Сот актілерін орындауды заңнамамен қамтамасыз ету.  Жеке сот орындаушылары институтын одан әрі дамыту»  тақырыбындағы  халықаралық конференция  барысында.

Палата төрағасы  айтқандай, Қазақстаннан шығуға тиым салыну тек ерекше жағдайларда жүзеге асуы тиіс.

«Ерекше жағдай ретінде:  Заңда 20 АЕК құнындағы шекті сома көрсетілген, біз бұл соманың құнын ұлғайтқымыз келеді, себебі біз кезінде жол полициясы, мемкірістер комитеті мен құзыретті атқарушы органдары ресмилемеген төленген айыппұл туралы мағлұмат алып жатырмыз. Біздің мақсатымыз – бізге тек сапалы материалдың келуін қамтамасыз ету», - деді ол.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда жеке сот орындаушыларының портфелінде  1,9 трлн теңге сомасындағы  1,5 млн құжат  тұр.

«Негізгі сома  банк секторы  үлесіне орындалады. Егер де атқарушылық құжаттардың  санына келетін болсақ, істің  70 пайызы  мемлекет үлесіне төлетуге бағытталды.  Егер де төлетудің сапасына келетін болсақ,  8 айдың қорытындысы бойынша  70 пайызы толық орындалды», - деді ол.

Айта кетейік, Ұлт жоспары-  «100 нақты қадам»  аясында 27- қадам  қарастырылған , ол жеке сот орындаушыларының қызметін  дамытуды одан әрі қамтамасыз етіп, мемлекеттік сот орындаушылары  санының біртіндеп  азаюын қадағалайды

Ботагөз  Айтжанова

Барлық жаңалықтар