- Басты
- Жаңалықтар
- Астана мен Ташкент сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандырады
Астана мен Ташкент сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандырады
Сапар барысында Өзбекстан Республикасы Президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен, Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Рустам Азимовпен, Премьер-Министрінің орынбасары Улугбек Розукуловпен және сыртқы экономикалық байланыстар және сауда министрі Эльдор Ганиевпен келіссөздер жүргізілді.
Ш. Мирзиеев Өзбекстан халқының және жеке өзінің атынан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы алғысын білдірді.
«Қиын күндері Нұрсұлтан Әбішұлы біздің, өзбек халқының жанынан табыла білді. Біз бұл үшін оған өте ризамыз. Қазақ халқы – біздің сенімді, шынайы әрі жақын досымыз», - деп баса айтты ол.
Ш. Мирзиеевпен кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастардың жай-күйі мен болашағы, өнеркәсіптік әріптестік, көлік және транзит саласындағы байланыстарды нығайту мәселесі талқыланды. Сауда-экономикалық байланыстарды арттыру үшін зор әлеует бар екені атап өтілді.
«Екі ел арасындағы тауар айналымындағы теріс үрдісті бірлесе отырып өзгертуіміз қажет. Біздің шынымен де іске асырылмаған мүмкіндіктеріміз жетерлік. Орта мерзімді перспективада бізге іс жүзінде тауар айналымын 2 есеге арттырып, 5 млрд АҚШ долларына дейін жеткізуіміз қажет», - деп атап өтті Ш.Мирзиеев.
А. Мамин кездесу барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанмен ынтымақтастықты дамытуға зор мән беретінін баса айтты.
«Біз сауда-экономикалық ынтымақтастықтың барлық саласы бойынша үлкен перспективалар байқап отырмыз. Әсіресе, энергетика, ауыл шаруашылығы, машина жасау, көлік және логистика саласында және т.б.», - деді А. Мамин.
Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Рустам Азимовпен өткен келіссөздер барысында сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтудің нақты шаралары талқыланды.
Тараптар келіссөздер нәтижелері бойынша Қазақстаннан Өзбекстанға ауыл шаруашылығы өнімдерінің, астық пен ұн экспортын арттыру, екі елдің аумағы бойынша тасымалданатын жүк ағымдары үшін қолайлы тарифтік жағдай жасау, теміржол көлігі қызметінде өзара жеңілдіктер қарастыру, Өзбекстаннан Қазақстанға жеміс-көкөніс өнімдерін жиі тасымалдайтын контейнерлік пойыздарды жолға шығару туралы келісімдерге қол жеткізілгені туралы нақтылады.
Р. Азимов «қазақстандық өнімнің сенімді тұтынушысы» болып табылатын Өзбекстан Республикасына Қазақстаннан жеткізілетін ұн мен мұнай өнімдерінің көлемін ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы аймақаралық ынтымақтастықты дамыту тетіктерін жасау, ауыл шаруашылығы, мұнай-химия, фармацевтика, химия саласында өзара тауар жеткізуді қамтамасыз етудің, ақпараттандыру саласында кедендік өзара ықпалдастықты арттыруды күшейтудің кепілі болып табылатын бірлескен сауда үйлерін ашу мәселелері қаралды.
«Астана және Алматы қалаларында бас кеңселерін ашумен біріккен кәсіпорындар түріндегі сауда үйлерін құру біздің өзара қажеттіліктерімізге сәйкес келеді», - деп атап өтті Р. Азимов.
Сондай-ақ А. Мамин экономиканың нақты секторының бизнес қауымдастығы мен кәсіпорындары арасында тығыз іскерлік байланыстар орнату және өзара инвестициялар алмасу үшін екі ел нарығын ашу қажеттілігі туралы айтты.
Ташкент қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша А. Мамин мен Р. Азимов Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын ұлғайту туралы Хаттамаға қол қойды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады