• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысында ЭКСПО-2017 қатысушыларына арналған туристік бағыттар құрылды

Жамбыл облысында ЭКСПО-2017 қатысушыларына арналған туристік бағыттар құрылды

23 Қыркүйек, 2016 10:53
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмені өткізу аясында Жамбыл облысының тарихи көрікті жерлері туристер үшін бағыттарға енгізілді, деп хабарлады облыстық әкімдікте.

Облыс «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта жандандыру, түркітілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын дәйекті дамыту және сақтау, туризм инфрақұрылымын құру» атты мембағдарламаға енгізілді, отандық және халықаралық туризмді дамыту үшін үлкен әлеуетке ие.

Өздеріңіз білетіндей, облыстың шекарасы арқылы Ұлы Жібек жолының учаскесі өтеді және ол Орталық Азияның тарихи, археологиялық, сәулетті, монументалды өнер ескерткіштерінің бірегей кешені болып табылады.

Осылайша, аймақ келген туристерге «Ежелгі Тараздың қазынасы», «Ақыртастың құпиясы», «Ақсу-Жабағлы», «Ұлы Жібек жолымен», «Бүгінгі ежелгі Тараз» және басқа да туристік бағыттарды ұсынады.

Облыста екі бағыт бар. Олардың бірі Тараз қаласындағы Қарахан және Дәуітбек кесенелері, Қали-Жүніс моншасы, «Ежелгі Тараз» қалашығы.

Екінші – бұл бірегей шатқал, қызғалдақтар отаны Берікқара, Қаратау жотасы, Әуле-Бастау шипалы бұлағы, Көксай арнасы, Ақсу-Жабағылы қорығы.

Әкімдікте айтып өткендей, бүгінгі күні Жамбыл облысында 46 туристік фирма, киіз үй қалашықтары, сауықтыру кешендері, 5 демалыс алаңы, 10 балаларға арналған шипажайлық лагерлер, 5 шипажайлық-курорттық сауықтыратын орын өз жұмысын жасауда. Қонақ үй және мейрамхана бизнесі туралы ақпараттық туристік сайт құрылды.

Барлық жаңалықтар