Атырауда жас отбасыларға арналған 90 пәтерлік үйдің құрылысы басталды

4 Желтоқсан, 2013 09:15
Атырау қаласындағы Нұрсая мөлтек ауданында "Жас Отау" қолжетімді тұрғын үй бағдарламасы бойынша жас отбасыларға арналған 90 пәтерлік үйдің құрылысы басталды, деп облыстың ішкі саясат бөлімі хабарлады.

«Пәтерлердің жобасы 1 (45 шаршы метр) және 2 (65-70 шаршы метр ) бөлмелі болмақ. Бұл үнемді тұрғын үйдің үшінші санатына жатқызылады. Бұл пәтерлерде 29 жасқа толмаған жас жұбайлар тұра алады»,- делінген хабарламада.

Үй 2014 жылдың екінші тоқсанында толығымен қолданысқа берілмек. Бұл бағдарламаның іске асырылуына жергілікті бюджеттен 444 млн теңге қаржы бөлінген.

 

 

Барлық жаңалықтар