• Басты
  • Жаңалықтар
  • Шетелдік компаниялар Ақтөбе рельс-арқалық зауытының өніміне қызығушылық танытып отыр

Шетелдік компаниялар Ақтөбе рельс-арқалық зауытының өніміне қызығушылық танытып отыр

23 Қыркүйек, 2016 14:57
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ делегациясы компания басшысы Қанат Алпысбаевтың төрағалығымен «Inno Trans 2016» халықаралық көрмесіне қатысты.

Ұлттық компанияның ақпараты бойынша, қазақстандық делегация темір жол көлігі басшыларының саммитіне қатысты. Саммитке 50-ден астам елдің өкілдері қатысты.

Форум жетекші еуропалық және азиялық темір жол компанияларының өкілдері арасында диалог үшін жаңа мүмкіндік ұсынды.

Саммитке қатысушылар сандық технологиялар, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, темір жол жабдығының жаңа түрлерін пайдалану, дабыл, байланыс, материалдар құрылымы, темір жол және доңғалақты-таңғыш өнімдерін қадағалау саласында тәжірибе алмасты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ  хабарлағандай, теміржол компанияларының өкілдері қазақстандық өндірушілердің өнімдеріне мүдделі. Ақтөбедегі рельс -арқалық зауыты рельстерді ұсынды.

Сапар барысында Берлинде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы темір жол көлігі әкімшіліктері және теміржол басшыларының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

«Ресей темір жолдары» ААҚ Президенті Олег Белозеровпен келіссөздер барысында тасымалдаудың көлемін ұлғайту, ҚР мен РФ шекараларында транзиттік трафиктің өсуі үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.

Кездесуде Беларусь, Молдова, Латвия, Украина темір жол әкімшіліктерінің басшылары - В.Морозовпен, Ю.Топалмен, Э.Берзиньшпен, В.Болчунмен темір жол көліктерін құру, көлік және логистика саласында ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қарастырылды.

«GE Transportation», «Alstom», «Talgo», «Siemens», «Трансмашхолдинг» Халықаралық компаниялардың басшыларымен келіссөздер барысында темір жол машинасын жасауды одан әрі дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Барлық жаңалықтар