- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО қоғамдық тамақтану нысандарына байқау өткізеді (ФОТО)
ЭКСПО қоғамдық тамақтану нысандарына байқау өткізеді (ФОТО)
«Қазан айының соңына дейін Ұлттық компания көрме кезінде шара алаңында қоғамдық тамақтану нысанын салу үшін операторларды іріктеп алуға ашық байқау жариялайды. Біз 30 мейрамхана мен 14 қоғамдық тамақтану киоскісін салуды қарастырып отырмыз. Көрменің форматын ескере отырып, адам саны көп болатындығы күтілуде, осыған орай, әлем асханалары мен республика асханасының әртүрлілігін паш ету жоспарланып отыр», - деді Д.Еркімбаев.
Оның айтуынша, байқау қазан айынан бастап жылдың соңына дейін жалғасады.
«Келесі жылдың басынан бастап аталмыш нысандар бойынша көрме алаңында жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Нысандар жалға беру әдісімен жұмыс істейді. Байқау тендерлік талаптар бойынша өтеді, алайда бұл ашық байқау болғандықтан, талаптар қатал емес, бюджеттік қаржы қарастырылмаған. Операторлар жөндеу жұмыстарын өздерінің қаражатына жасайды. Іріктеудің талабы: тәжірибенің болуы, сапа, дизайн, бағалық саясат», - деді ол.
Байқауға әлемдік желілер де қатыса алады.
«Біз әлемдік желілердің қатысқанын қалаймыз. Көрме аясында олар Қазақстанға кіре алар еді. 30 мейрамхананы біз қамтамасыз етсек, 20-сы қатысушы елдердің халықаралық павильондарында орналасады. Бүгінде 10 ел өздерінің асханаларын таныстыруға келісім берді. Сондай-ақ, олардың әрбіреуінде 14 киоскі мен 4 оператор болады», - деді ол.
Ұйымдастырушылар байқаудың ашық өтетіндігін айтты, ай соңына дейін талаптар туралы ақпарат компания сайтынан жарық көреді.
«Жобаның маңыздылығын ескере отырып, бұл байқауға аса көңіл бөлеміз. Аталмыш бағытта бизнес саласы белсенді қатысатынынан үміттіміз. Көрмеге 5 млн адам келеді. Аталмыш саладағы бизнесті оң бағытта ынталандырады деген үміттеміз», - деді ол.
Ботагөз Айтжанова
Сурет: Азамат Әлиев
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
«Kazakhstan Project Management Awards 2021» байқауы: Мүмкіндіктері мен артықшылықтары -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары