- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар Ұлы Отан соғысына қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге түзетулерді қарады
Сенаторлар Ұлы Отан соғысына қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге түзетулерді қарады
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Үкіметтерінің басшылары 1994 жылғы 15 сәуірде қол қойылған болатын.
Дегенмен Келісімге қол қойылғаннан бері ТМД мемлекеттерінде әлеуметтік-экономикалық салада түбегейлі өзгерістер болды, ұлттық заңнама қалыптасты, әлеуметтік саясатта өздерінің ерекше үлгілері жасалды.
Осыған байланысты 2015 жылғы 30 қазанда Душанбе қаласында өткен ТМД Үкіметтері Басшылары Кеңесінің отырысында 1994 жылғы 15 сәуірдегі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қойылды.
Заң жобасын әзірлеуші Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ақпараты бойынша қаралып отырған Хаттама осы келісімге мынадай түзетулер енгізуді көздейді.
1) ТМД-ға бірқатар қатысушы мемлекеттердің заттай түрдегі жеңілдіктерді ақшалай төлемдерге алмастырылғанын ескере отырып, Келісімнің ережелерін жаңарту. Сөйтіп, заң жобасы Келісімде көрсетілген жеңілдіктер мен кепілдіктер тізімдемесіне сай ТМД мемлекеттеріне жеңілдіктер мен кепілдіктерді заттай түрде, немесе ТМД мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес ақшалай төлемдер түрінде беруге мүмкіндік береді;
2) Заң жобасы Келісім мемлекеттері аумақтарына уақытша келген ардагерлерге кепілдіктер тізімін нақтылауды көздейді. Осыған байланысты олардың:
- Ауырып қалған, кездейсоқ оқиға, сынған, улану жағдайларында келген мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес дәрігерлік ұйымдарда (мекемелерде) жедел дәрігерлік көмекті тегін алуға;
- аумақтарына уақытша келген немесе уақытша тұрып жатқан мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, қоғамдық тамақтандыру, қоғамдық көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, байланыс мекемелері, мәдени-ағарту мекемелерінде кезектен тыс қызмет көрсетілуге құқы бар.
3) Хаттамамен сондай-ақ 1944 жылғы 1 қаңтар мен 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Белорусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстон КСР аумақтарындағы заңсыз құралымдар мен топтарды (бандитизмді) жою жөніндегі ұрыс операцияларына тікелей қатысқан адамдар санатын енгізуді;
4) Ұрыс қимылдарына қатысқан бұрынғы КСР Одағы азаматтарының санаттарын анықтаудағы бірыңғай ереже әзірлеу мақсатында Келісімге мемлекеттердің, қалалардың, аумақтар мен кезеңдердің тізбесімен толықтыру енгізуді көздейді.
Заң жобасын талқылау барысында сенаторлар Б. Әйтімова, А. Бижанов, В. Редкокашин, Ж. Ерғалиев және комитеттің басқа да мүшелері заң жобасының бірқатар мәселелерін, атап айтқанда:
- бұл Келісімнің күші енетін әр санаттағы азаматтардың саны, оларға берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктердің көлемі мен мөлшері;
- 1994 жылғы 15 сәуірдегі Келісімге ТМД-ның 12 мемлекеті, ал 2015 жылы хаттамаға барлығы 6 мемлекет қол қойғаны, оның ішінде тек Қазақстанда ғана ратификация рәсімдері аяқталғанын ескере келгенде, Келісімнің ТМД-ның басқа мемлекеттерінің орындау тепе-теңдігі;
- осы Хаттаманың ратификациялауда Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданудағы әлеуметтік-экономикалық салдары, пайдасы мен тиімсіз тұстарын көтерді.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, сыртқы істер, қорғаныс министрліктерінің өкілдері отырыс барысында қойылған осы және басқа да сауалдарға жан-жақты жауап берді.
Жалпы алғанда комитет мүшелерінің пікірінше, Хаттаны ратификациялау келісімде көзделген азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктері және жеңілдіктерін бұдан былай да іске асыруға мүмкіндік береді.
Комитет отырысының қорытындысы бойынша заң жобасын Сенаттың таяудағы отырысына енгізу туралы ұйғарым жасалды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады