• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Әзірбайжан Транс Кавказ дәлізі бойынша көмiрсутегi шикiзатын тасымалдау келісіміне отырды

Қазақстан мен Әзірбайжан Транс Кавказ дәлізі бойынша көмiрсутегi шикiзатын тасымалдау келісіміне отырды

23 Қыркүйек, 2016 09:34
Қара теңіз бағытында Транс Кавказ дәлізі бойынша көмiрсутегi шикiзатын тасымалдау саласында қазақстан-әзербайджан ынтымақтастығының негізгі мәселелері көрсетілген, деп хабарлады ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

ҚР Энергетика министрлігінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың және Әзербайжан Республикасы Энергетика министрі Натиг Алиевтің төрағалығымен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-әзербайжан Үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысы өткізілді.

«Пленарлық және сарапшылық отырыстардың барысында екі жақ отын-энергетикалық кешенінде, шарттық-құқықтық базаны жетілдіру саласында, сауда-экономикалық ынтымақтастықты, ауыл шаруашылығы, мәдениет және білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау және байланыс, ғарыш саласындағы жоғары технологиялар салалары бойынша мәселелерді талқылады», - делінген хабарламада.

Сауда-экономикалық өзара ынтымақтастық қазақстан-әзербайджан қатынастарының негізі болып табылады. Екі елдің арасындағы тауар айналымы көлемінің оң серпінін атап өткен маңызды. Мысалға, 2016 жылдың қаңтар-шілде айларына елдердің арасындағы тауар айналымы 86,7 млн. АҚШ доларын құрады, экспорт - 76,4 млн., импорт - 10,3 млн., бұл 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 63,9%-ға арта түсті (экспорт – 53,7%-ға артты, импорт – 47,1%-ға).

Отырыс қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтары және елдердің өзара ынтымақтастығының болашақ бағыттары көрсетілген Хаттамаға қол қойылды.

Хаттамада Қара теңіз бағытында Транс Кавказ дәлізі бойынша көмiрсутегi шикiзатын тасымалдау саласында қазақстан-әзербайджан ынтымақтастығының негізгі мәселелері көрсетілген.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ бағытында мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау көлемі Әзербайджан Республикасы аумағы бойынша 2015 жылы 2,9 млн. тонна, ал 2016 жылдың 8 айында 1,6 млн. тоннаны құрады.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ арқылы Әзербайджанда шығарылған сұйытылған көмірсутекті газды тасымалдау көлемі 2010 жылдан 2014 жылға дейінгі мерзімде азаюға тұрақты үрдісі қалыптасқан (2010 жылғы 156 мың тоннадан 2014 жылда 23 мың тоннаға дейін). 2015 жылдан бастап Әзербайджанда шығарылған сұйытылған көмірсутекті газды тасымалдау тоқтатылды.

Батуми мұнай терминалын бұдан әрі жүктеу мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ және «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ тұрақты негізде әзербайджандық тараппен және жүк тасымалдаушылармен, сондай-ақ көліктік дәлізге қатысушылардың барлығымен тиісті жұмыстарды атқарып келеді.

Сонымен қатар қазақстандық көмірсутектерді тасымалдау және сақтау үшін әзербайджандық тарап Кулеви терминалының күшін пайдалануға ниетін білдіріп отыр.

Тараптар энергетикалық жобаларды іске асыруда бірлескен мүмкіндіктерді зерделеуге, Каспий аймағынан әлемдік және еуропалық нарықтарға маршруттарды диверсификациялауға бағытталған мұнай және мұнай өнімдерін жеткізудегі ынтымақтастықты кеңейтуге келісті, сондай-ақ әзербайджандық сұйытылған көмірсутекті газды «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ арқылы тасымалдау мәселелері талқыланды.

Қазақстандық тарап әзербайджандық тарапқа Әзербайджан Республикасының Мемлекеттік мұнай компаниясының «Еуразия» Халықаралық аймақтық жобасына қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Барлық жаңалықтар