- Басты
- Жаңалықтар
- «Жасыл» технологияларды енгізу Ақтау қаласында 230-дан астам пәтерді ауыз сумен қамтамасыз етті (ФОТОРЕПОРТАЖ)
«Жасыл» технологияларды енгізу Ақтау қаласында 230-дан астам пәтерді ауыз сумен қамтамасыз етті (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Ақтау қаласында «жасыл» тәжірибені қолдану аясында ішетін суық суды жинау және оны беру жүйесін әзірлеу бойынша жоба ойдағыдай іске асты. Аталмыш жобаны іске асыру аясында 3 үй немесе 500 тұрғыны бар 231 пәтер ішетін сумен қамтамасыз етілді. Аталмыш жоба Ақтау қаласына ақпараттық тур барасында көрсетілді.


«Біздің жоба «Буферлі сыйымдылықты ағын үзіндісімен дайындау және орнату деп аталады. Бұл көп қабатты тұрғын үйлерге ішетін суық суды қамтамасыз етеді. Аталмыш жобамен сыйымдылықты, мониторинг жүйесінің сорғыштарын орнату қарастырылған. Яғни, кез келген уақытта қанша судың жұмсалғандығын, қандай да бір апаттық жағдайлардың болғанын көруге болады. Бұл жүйе біздің арнайы шақырылған сарапшылар әзірленді. Жобаны іске асыру үшін Ақтау қаласының үш тұрғын үйі іріктелді және ол жерде ауыз су жетіспеушілік мәселесі бар. Алайда, бүгінгі күні үш үй толық сумен қамтамасыз етілді»,-деді энергия тиімділігі, қор жинақтау және технология халықаралық орталығының қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрсұлтан Әубәкіров.


Оның айтуы бойынша, ағымдағы жылдың мамыр-шілде айларындағы ішетін суық суды тұтынудың мониторингтік нәтижесінде сумен тұтыну 1,7 есеге өскен. Бұл үйлердің 100 пайызға сумен қамтамасыз етілгендігін көрсетеді.



«Аталмыш құрал желідегі қысымға тәуелді емес, оған минималды қысым қажет, сонымен қатар құбырлардың диаметірін ұлғайтуды қажет етпейді. Осыған орай, су сыйымдылыққа жиналады. Ішкі желілер сөндірілген жағдайда, тәуліктік су қорлары болады. Яғни, қандай да бір апаттық жағдай болғанда, тұрғындар тәулік бойы сумен қамтамасыз етіле алады»,-деді ол.





Айта кететін жайт, аталмыш құралды енгізбес бұрын, 5-9 қабаттағы тұрғындарда су тапшылығы болды және желілердің ескіргендігінен бұл мәселе шешілмей тұрды. Сондай-ақ, осындай проблема Ақтау қаласында жиі кездеседі.



«Біз 8 қабатта 3 жылдан астам тұрамыз. Су мәселесіне қатысты проблема өткен жылдары және алдыңғы жылдары да болды. Бір әрдайым суды сатып алып жүрдік. Өйткені ол сулармен кір жуа алмайсың, біздің кішкентай балаларымыз бар және біз кеш болғанда ғана кір жуып, жұмыстарымызды жасайтынбыз. Қазір ондай проблема жоқ. Су күнде келіп тұрады. Осындай керемет құрал ойлап тапқан адамдарға алғысымыз шексіз»,-деді жобалық үйдің тұрғыны Наталья Румянцева.



Өз кезегінде «Татьяна» ПИК төрағасы Жеңісбек Куванов аталмыш құралмен онлайн-режимде үйлерде қандай да бір ахуалдардың бар немесе жоқ екендігін көруге болатындығын айтты.
«Бұл сыйымдылықтарды орнатпас бұрын, құбырларды ауыстырдық. Осындай факторлардың барлығы адамдарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге сепкі болды»,-деді ол.



Осылайша, ноу-хау жүйесі 750 литрлік көлемдегі 7 сыйымдылықтан тұрады.Ол жерге су келеді, содан кейін үш сорғыштың көмегімен суды пәтерлерге жіберіледі. Құралдың бағасы әр жылға жеке есептелінеді және тұрғындар мен пәтердің сандарына байланысты.





Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі бойынша Тұжырымдамасын іске асыру аясында елімізде «Жасыл» экономика моделіне көші үшін Қазақстанды қолдау» БҰҰ ЕО / БҰҰДБ /ЕЭК бірлескен жобасы іске қосылды. Бұл жоба «жасыл» экономиканың табысты қағидаттарын енгізуге көмектеседі. Жергілікті деңгейде бірлескен жоба 600 000 евро сомасының грантын бөлді. Сома 14 үкіметтік емес ұйымдардың арасында бөлінді, сондай-ақ, сол жерде «жасыл» экономика принціпін қолдана отырып, тәжірибелік жобаларды іске асырады.
Индира Қауметова
Сурет автордікі
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі