• Басты
  • Жаңалықтар
  • Гаагада өткен фотокөрмеде Қазақстанның мәдениеті туралы 50-ге жуық сурет қойылды (ФОТО)

Гаагада өткен фотокөрмеде Қазақстанның мәдениеті туралы 50-ге жуық сурет қойылды (ФОТО)

22 Қыркүйек, 2016 16:34
Қазақстанның Нидерландыдағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Гаага қаласының әкімшілігінде Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл мерейлік датасына орай «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» фотосуреттер көрмесі ашылды.

Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай,  елуден астам арнайы фото жинақта Қазақстанның қазіргі заманғы өмірі мен мәдениетін, Ұлы даланың табиғи байлығы, ежелгі тарихи ескерткіштері мен XXI ғасырдағы сәулеті ұсынылды.

Елордасы Астананың бірегей архитектурасы - Бәйтерек монументі, Астана Опера ғимараты, Әзірет Сұлтан мешіті мен Бейбітшілік және келісім сарайы т.б. ерекше қызығушылық туғызды.

Көрмеде Қазақстанның тәуелсіз 25 жылдағы ең маңызды жетістіктерінің бірі – бейбітшілік пен ұлтаралық келісімін көрсететін фотосуреттер бар. Олар Қазақстанның гүлденуі туралы ортақ идеямен бірлескен көпұлтты халық өмірінің жарқын көріністері болуда.

«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» фотокөрмесі Гаага өміріндегі елеулі мәдени оқиға болып, ғимаратта қала билігі, орталық кітапхана, халыққа қызмет көрсету орталығы және туристер үшін қаланың ірі ақпараттық қызметі орналасқан, күн сайын мыңнан астам тұрғындар мен қонақтарды жұмылдыратын нысан болып табылады.

 

Барлық жаңалықтар