• Басты
  • Жаңалықтар
  • 5 жыл ішінде террористік белсенді аймаққа 559 қазақстандықтың шығуына тосқауыл қойылды

5 жыл ішінде террористік белсенді аймаққа 559 қазақстандықтың шығуына тосқауыл қойылды

22 Қыркүйек, 2016 12:57
Соңғы 5 жылда ҰКҚ органдарымен террористік белсенділік аймағына 559 рекрут-қазақстандықтың шығуына жол берілмеді , деп ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Белісбеков мәлім етті.

«Сирия-Иран аймағындағы қарулы қақтығыс Таяу Шығыстағы лаңкестік күштерді жандандырды. Террористік содырлардың қатарында елдің 80-нен астам жаңа рекруттары қосылуда. Біздің азаматтарымыздың қарулы қақтығыстарға қатысуы оларға қауіп төндіреді. Бұл мәселе халықаралық және ұлттық деңгейде шұғыл шаралар қабылдауды талап етті. Соңғы бес жылда ҰКҚ органдарымен террористік белсенділік аймағына 559 рекрут-қазақстандықтардың шығуына жол берілмеді», - деді  ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Белісбеков «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары » тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысы барысында айтты.

Сонымен қатар, Н. Белісбековтың айтуы бойынша, бүгінгі күні қарулы қақтығыстар орын алған жерлерден жауынгерлердің қайтып келуі үлкен қауіп төндіреді.

«Олардың көбісі радикалды көзқарастарды ұстануды жалғастыруда,  оған қоса, нақты дағдылар мен жауынгерлік тәжірибеге ие»,-деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, террористік белсенділік алған аймақта қалған тұлғалар идеологиялық радикализмнің рөлін ойнайды және олар көп жағдайда Интернет желісі арқылы азғырушылық, рекруттарды жинау сынды жұмыстарға белсене қатысады.

«Бүгінгі күні интернет-ресурстардың бірталай жүйесі жұмыс істейді және олар діни тәрбиелеу және террористік әдістерді оқытуға бағытталған»,-деді Н. Белісбеков.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар