- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ЖАО кезегінде тұрғандардан депозит ашуға комиссия төлемі алынбайды
Қазақстанда ЖАО кезегінде тұрғандардан депозит ашуға комиссия төлемі алынбайды
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ерболат Досаевтың мәлімдеуінше, әзірленіп жатқан «Қолдау» банктік өнімі аясында жергілікті атқару органдарының коммуналды тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждардың есебінде тұрғын азаматтарға жеңілдік жасалынатын болады.
Ерболат Досаевтың сөзіне қарағанда, әкімдік кезегінде тұрғындар 15 млн. теңгеден аспайтын шарттық сомаға ТҚЖ салымдарын тегін ашуға мүмкіндік алады. Бұған дейін Банк салым ашу үшін шарттық соманың 0,55%-ы көлемінде комиссия ұстайтын еді.
Жинақтау мерзімі аяқталған соң (кемінде 3 жыл) әкімдіктің кезегіндегілер жылдық 3,5%-бен (ЖТСМ жылдық 4%-дан бастап) – ең төменгі мөлшерлеме бойынша тұрғын үй заемын алуға мүмкіндік алады. Осылайша, бұл қадам жинақтау кезеңінде кезектегілерге түсетін қаржылық ауыртпашылықты азайтып, қолжетімді бағамен тұрғын үй сатып алуға жәрдем болмақ.
Сондай-ақ, Директор Кеңесі тұрғын үй құрылысы жобаларын жүзеге асыру (уағдалы депозиттер орналастыру арқылы) бағдарламасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қарастырды. Бұл шара өткізу тетіктері мен бекітілген ережелерді жеңілдетуді көздейді.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады. Холдингті құрудағы мақсат – экономиканы дамыту және әртараптандыру, инвестиция тарту, класстерлерді дамыту және оның еншілес ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады