• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Нығматулин: Экстремизм және терроризмге қарсы күресте сақтандырма шараларының болуы маңызды (ФОТО)

Н.Нығматулин: Экстремизм және терроризмге қарсы күресте сақтандырма шараларының болуы маңызды (ФОТО)

22 Қыркүйек, 2016 12:17
Экстремизм және терроризмге қарсы күресте сақтандырма шаралары маңызды, деп Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмге жол бермеу және күресу үшін заңнамалық және институционалдық шаралар» атты дөңгелек үстел барысында мәлім етті.

Н.Нығматулиннің айтуынша, соңғы оқиғалар  экстремизм мен терроризмге қарсы күрес және  қару айналымы мен көші-қон  жөніндегі қазақстандық заңнамаларды жетілдіру қажеттілігі айқындалды.

Сондай-ақ, Мәжіліс спикері  Мәжіліске түскен заңнамаларды  қоғамның ортақ талқылауына салу қажеттігін айтты.

«Мұндай формат  қоғамда  терең қызығушылыққа ие екенін көрсетті», - деді ол.

«Экстремизм және терроризммен күресте қоғамның шоғырланған позициясының маңыздылығын түсініп, Мәжіліс депутаттары бұл заң жобасының жұмысына мемлекеттік орган өкілдерін ғана емес, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми орталықтардың, бизнес қауымдастықтың, діни бірлестіктердің өкілдерін тартты», - деп атап көрсетті Мәжіліс спикері.

Осының нәтижесінде, Парламент ашық пікір жүргізіп,  сапалы, тиімді және өткір заң жобасын әзірлеу мақсатында жұмыс жасап жатыр. Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, бұл Палата үшін ерекше маңызды!

Айта кетейік, заң жобасын талқылауға Парламент депутаттарымен қатар, тиісті орган өкілдері,  үкіметтік емес  ұйымдар мен Мәжіліске кірмеген барлық партияның мүшелері, журналистер және елімізге белгілі саясаткерлер мен сарапшылар қатысуда.

Сурет: Бауыржан Жуасбаев 

Барлық жаңалықтар