ДСҰ ішкі салықтың есептелу әдісіне ықпал етуді бастады – ҚР ҰЭМ

22 Қыркүйек, 2016 11:47
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі iшкi ережелерге, салықтың есептелуi мен салық салу әдiстерiне ықпал етуде, деп ҚР Ұлттық экономика министрi Қуандық Бишiмбаев Салық салудың өзектi мәселелерiне арналған конференция барысында мәлiмдедi.

«Салықтық жеңiлдiктерге келетiн болсақ, бiздiң iшкi ережелерге, салықтың есептелуi мен салық салу әдiстерiне ықпал етiп жатқан жүйе - ДСҰ. Дүниежүзiлiк сауда ұйымының басты  ұстанымының бiрi - жанама салықтардың бейтараптығы. Яғни, бiз отандық өндiрушiлердiң бiрiн босатсақ, бiз тауарларын импорттағысы келетiн шетелдiк өндiрушiлерге тең жағдай жасауымыз керек. Бұның керi ықпалы да бар. Бiз импорттық тауарларды ҚҚС-тан босатсақ, сәйкесiнше отандық өндiрушiлердi де босатуымыз керек. Осыған қарапайым шешiм ұсынамыз. Бiз барлығына бiрдей жағдай жасауымыз керек. Барлығы қосымша құн салығын төлеуi керек. Сәйкесiнше, бұл салық өнiм тұтынушыларының өздерiне төленедi. Ал егер экономиканың белгiлi бiр секторларын ынталандыру керек болса, сол салаларды субсидиялау саясатын әзiрлеу керек. Ұлттық экономика министрлiгi ол қандай формада болатынын анықтап жатыр. Ол тiкелей субвенциялар немесе жанама салықтан өзге салық түрлерiнен босату бола ма, соны белгiлеймiз», - дедi министр.

Министрдің айтуы бойынша, ведомствода ДСҰ-ға салаларды бейiмдеу бойынша жұмыс тобы қызмет атқаруда.

«Топ іс-шаралар кешенін әзірлеу қажет.Бұл ДСҰ-ға кіру шеңберінде еркін қоймалар тәртібіне және тағы басқа да мәселелерге әсер етеді және біз олардан бас тартуымыз керек. Алайда, автомобиль өнеркәсібін қолдау бойынша жұмыс жасауымыз қажет. Дегенмен, қазір қалыптасып жатқан ережелермен емес. Өйткені ол халықаралық сауда қағидатына қайшы келеді»,-деді министр.

Қ.Бишімбаевтың айтуы бойынша, қалған басқа салықтың түрлері бойынша айтарлықтай өзгерістер болмайды.

«Ауыл шаруашылығы бойынша ойлануымыз керек. Өйткені ол жерде ҚҚС-тан босату бойынша мәселелер бар»,-деді ведомство басшысы.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар