• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылар үшін салықтық жеңілдіктер енгізу жоспарлануда (ФОТО)

Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылар үшін салықтық жеңілдіктер енгізу жоспарлануда (ФОТО)

22 Қыркүйек, 2016 11:12
Қазақстанда экономикалық дағдарыс жағдайында жер қойнауын пайдаланушылар үшін салықтық жеңілдіктер енгізу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрi Қуандық Бишiмбаев Салық салудың өзектi мәселелерiне арналған конференция барысында мәлiмдедi.

«Бүгінгі күні мұнай өнеркәсібінде экономика өзгерді және осы жағдайда жер қойнауын пайдаланушылар үшін алдағы уақытта салық режимі өзгеруі мүмкін. Мұнай бағасының ұзақ мерзімді деңгейі қандай болатыны белгісіз. Дегенмен, алдағы 5-7 жылда оның бағасы бұрынғыдай болатыны екіталай. Біз жаңашылдыққа аяқ бастық, өндіруші сектор мен жер қойнауы секторынан Ұлттық қорға түскен салықтар, түсімдер толықтай өзгерді»,-деді Қ.Бишімбаев.

Министрдің айтуынша, кәсіпорындарда инвестицияны жасау үшін толық ресурстар жоқ.

«Қазақстанда жер қойнауын табуда өз ерекшелігі бар. Табысты нақты бір деңгейде ұстау үшін міндетті түрде инвестиция жасау керек. Ағымдағы баға амен  салық   бұны орындауға  мүмкіндік бермейді. Біз табыстары түсіп жатқан кәсіпорындарға қалай қолдау жасау керектігі бойынша ұсыныс айтқымыз келеді.Яғни, оларға ағымдағы кірісті жоғалтпай, қосымша қорды қалай беру керектігі жайында жол сілтемекпіз»,-деді ведомство басшысы.

Министрдің айтуы бойынша, ведомство үшін  қалыптасқан кіріс базасын бұзбай, оларға тиісті ынталандыру беру маңызды.

«Осындай жемісті мысалдар әлемде баршылық. Ертең жер қойнауын пайдаланушылармен кешенді  жұмыс жүргіземіз»,-деді министр.

Сонымен қатар, министр қазақстандық шикізатқа сұраныстың төмендегенін айтты.

«Шикізатқа деген сұраныс бәсеңдейді, жалпы әлем бойынша шикізатқа деген сұраныс бәсеңдейтін болады. Баламалы энергияның көздері пайда болады. Алдағы 30-40 жылда табысты айналымға жіберу керек, ал біздегі бар ресурстарды экспортқа. Ол үшін салық салудан алшақтап, тәсілді өзгерту керек»,-деді Қ.Бишімбаев.

Оның айтуы бойынша, жаңа инвестицияны жұмылдыру үшін табысқа салық салудан алшақтау керек және қаржы нәтижесінің салығына көшу керек.

Ботагөз Айтжанова

Сурет: Азамат  Әлиев

Барлық жаңалықтар