• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Нығматуллин: Заң - қоғамның талаптарына сай болып, террористік қауіпке қарсы тұра алуы керек

Н.Нығматуллин: Заң - қоғамның талаптарына сай болып, террористік қауіпке қарсы тұра алуы керек

22 Қыркүйек, 2016 11:08
Заң - қоғамның талаптарына сай болып, террористік қауіпке қарсы тұра алуы керек, деді бүгін өтіп жатқан «Қазіргі замандағы экстремизм мен терроризмнің алдын алу және бұлтартпаудың заңды және институционалдық шаралары» дөңгелек үстелде, ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматуллин.

Н. Нығматуллиннің айтуынша, соңғы кездегі болған оқиғалар экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимылға, сондай-ақ миграциялық процестердегі қару-жарақ айналымына қатысты қолданыстағы заңнама жетілдіруді қажет етеді.

Мұнымен қоса, Мәжіліс спикері депутаттар мен Мәжіліс қарауына түсетін заң жобаларын кеңінен талқылау қажет екендігін баса айтты.

Сондай-ақ, Мәжіліс төрағасы терроризм және экстремизм туғызатын себептерді жоюдың маңыздылығын атады. Қазіргі экстремистік және террористік белгілерге құқықтық әрекет арқылы тойтарыс бере алмаймыз деді.  

«Депутаттар экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың тек әкімшілік-құқықтық қана емес,  әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық әдістері бар екенін жақсы біледі. Мұндай қылмысты анықтап қана қоймай, оның алдын алып, ескерту өте маңызды, - деді Н. Нығматулин.

Ол позициялардың үйлесімділігі басты мақсатқа – еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтауда ұлттық қауіпсіздікті қорғау үшін сенімді құқықтық базамен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін сеніммен айтты.

Бүгін Астанада депутаттар, мемлекеттік орган өкілдері, ҒӨБ, қоғам және дін қайраткерлері, саясаттанушылар мен сарапшылардың  қатысуымен терроризм және экстремизммен күрес мәселесі талқыланып жатыр.

 

 

Барлық жаңалықтар