- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматулин: Экстремизм мен терроризмнің жолын кесу қоғамның шоғырландырылған ұстанымы кезінде нәтижелі болады
Н.Нығматулин: Экстремизм мен терроризмнің жолын кесу қоғамның шоғырландырылған ұстанымы кезінде нәтижелі болады
Мәжіліс Спикері терроризмге қарсы күресте бірлесіп әрекет етудің маңыздылығын айтып өтті.
«Әлемде және елдегі оқиғалар көрсеткендей, терроризм ұлтқа, дінге, шекараға байланысты емес, сондай-ақ, ол барлық өркениетке ортақ қауіп туғыза алмайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ең мәртебелі мінберлерден сөз сөйлегенде халықаралық терроризм қауіпінің артуы мен онымен күрес кезінде нақты шаралар қабылдау керектігі туралы ескерткен болатын. Өткен жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында Қазақстан Президенті терроризм мен экстремизмге қарсы бірыңғай жаһандық жүйені құруды ұсынып, осы салада халықаралық-құқықтық базаны дамытуды жетілдіруді айтқан болатын», - деді Н.Нығматулин.
Қазіргі таңда Мәжілісте терроризм және экстремизммен күресу заңына өзгертулер енгізу мәселелері қарастырылып жатыр.
«Экстремизм және терроризммен күресу қоғамның шоғырландырылған ұстанымы кезінде нәтижелі болатындығын түсіне отырып, Мәжіліс депутаттары заң жобасы бойынша жұмыс істеуге тек қана мемлекеттік орган мүшелерін тартып қоймай, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-оқыту орталықтары, бизнес қауымдастықтың өкілдерін шақырды», - деді ол.
Шарада терроризм мен экстремизмге қарсы іс-шаралар барысы, сондай-ақ Мәжіліс қарауына енгізілген заннамалық түзетулерді талқыланды.
Сонымен қатар, терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру мәселесі де басты назарда болды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері