- Басты
- Жаңалықтар
- Баланың тууы бойынша мемлекеттік қызметтердің толық спектрін енді Қазақстанның перзентханаларында ресімдеуге болады
Баланың тууы бойынша мемлекеттік қызметтердің толық спектрін енді Қазақстанның перзентханаларында ресімдеуге болады
Композитті қызмет көрсету барлық 4 қызметке бір уақытта перзентханада өтініш қабылдауды білдіреді.
«Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың наурыз айында Әділет министрлігі баланың туылуын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер стандартына азаматтар баланың туылуын тіркеуге өтінішті 3 жұмыс күні ішінде берулері тиіс деген өзгерістер енгізген. Қазақстандықтарға қолайлы болу үшін осы және оған ілеспе қызметтерді композиттік түрде көрсету мүмкіндіктерін қарастырдық. Бұл қазақстандықтардың өмірін жеңілдетіп, уақыттарын үнемдейді» - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев.
Құмарғалиевтің айтуынша, композит «Баланың туылуын тіркеу, оның ішінде азаматтық ахуал актілері жазбаларына өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу», «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау», «Әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу» және «Мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейін) балаларды балалар мектепалды ұйымдарына жіберу үшін кезекке қою» қызметтеріне қатысты болып табылады.
Дайын болған туу туралы куәлікті ата-аналар, құжат тапсырған күнді есептемегенде, 2 жұмыс күні ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуларына болады, ал жәрдемақыны тағайындау туралы ақпарат клиенттің ұялы телефонына sms-хабарландыру арқылы түседі. Сонымен қатар, қазақстандықтар балабақша кезегін egov.kz электронды үкімет порталынан немесе мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріндегі «Connection Point» өз өзіне қызмет көрсету секторлары арқылы көрулеріне болады.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 8 айда 24 миллионнан астам мемлекеттік қызметтер көрсетілген, оның 235 мыңнан астамы туу туралы куәлік беру болып табылады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді