- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында тірек ауылдарды дамыту үшін 210 млн теңге бөлінеді
Павлодар облысында тірек ауылдарды дамыту үшін 210 млн теңге бөлінеді
Павлодар облысы әкімдігінің хабарлауынша, әкімшілік айыппұлдар, мемлекеттік меншіктен түскен кірістер және басқа да салықтық емес түсімдердің есебінен облыстық қазына 148 млн. теңгеге толықты.
Сонымен қатар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жобға бағытталған резервті 65,8 миллион теңгеге азайту арқылы осы сомадағы қаражат облыс бюджетке түсетін болады.
Облыстық мәслихаттың жанындағы бюджеттік комиссия үнемделген қаражаттың барлығын әлеуметтік мәселелерді шешуге және тірек ауылдарды дамыту үшін бағыттауды ұсынды.
Мәселен, 50 млн. теңге облыс мектептерінің 7 сыныптарын оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етуге бағытталса, 4,8 миллион теңге Май ауданының орталық ауруханасының базасында ашылған мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған реабилитациялық орталықтың дәрігерлер құрамын оқыту және қайта даярлау үшін жұмсалады. 57,1 миллион теңгеге орман шаруашылығын қорғау жөніндегі мемлекеттік ұйымдарға үш бірлік өрт сөндіру техникасын сатып алынады.
«Тірек ауылдарға келетін болсақ, оларды дамыту үшін жылдың соңына дейін 210 миллион теңге бөлінеді. 43 миллион теңгеге жуық сома Успен ауданындағы Константиновка және Ақтоғай ауданындағы Жолболды ауылдарында орталықтандырылған су жүйесінің құрылысына жұмсалады. Сонымен қатар, тағы да 8 миллион теңге облыстың 8 басқа тірек ауылдарында су құбырлары жүйесінің жобалау жұмыстарына бағытталады», - делінген хабарламада.
50 миллион теңге Железин ауданындағы Жаңа Жұлдыз – Петропавловка автомобиль жолын жөндеуге жұмсалса, 40 миллион теңге Ақсу ауылдық аймағындағы Қызылжар және Евгеньевка ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға бағытталады. Сонымен қатар Успен ауданының Таволжан ауылындағы тозығы жеткен электр желілерін жаңғырту мақсатында облыстық бюджеттен 16 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл қадам арқылы 2017 жылы ауыл тұрғындары электр энергиясымен қамтамасыз етіліп, жергілікті шаруашылық cубъектілері өз кәсібін дамытуға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар, Тереңкөл ауылындағы іргетасы 2007 жылы қаланған әскерге шақыру пунктінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 68 миллион теңге бөлінеді.
Аудан орталықтарындағы денсаулық сақтау нысандары скерге шақырылатын азаматтарды қабылдауға лайықты емес.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі