- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 14 электр энергетикалық нысаны жаңғыртылады
Астанада 14 электр энергетикалық нысаны жаңғыртылады
2014-2016 жылдары орташа мерзімдік кезеңге бекітілген ауқымды бағдарламалардың «Астана-Энергия» АҚ электр энергетикалық нысандарын қайта жөндеуге, жаңғыртуға және жаңартуға, сонымен қатар, тұтынушыларды тарифтерден түскен қаржыны мақсатты пайдалану туралы ақпараттандыруға бағытталғанын айта кеткеніміз жөн.
Орташа мерзімдік кезеңге бекітілген инвестициялық бағдарламаның жалпы сомасы 2 млрд 192 млн теңгені құрайды. Мамандардың айтуынша, биыл бірқатар басымды міндеттер кезең-кезеңмен атқарылды, нақтырақ айтқанда, тозған жабдықтар ауыстырылып, жылу энергиясын өндіру ұлғайтылып, сенімділігі қамтамасыз етілді.
«2016 жылдың 8 айында, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, 31 іс-шарада жалпы сомасы 756 509 000 теңгенің 31 келісіміне қол қойылды. 395 153 000 теңгелік 14 іс-шара толық орындалды», – деді «Астана-Энергия» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Олег Уткин.
Жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде шығындар оңтайландырылды, бұл қосымша инвестициялық іс-шараларды орындауға жұмсалатын қаржыны үнемдеу арқылы тарифтік сметаға енгізілген қаржының игерілмеген бөлігін жылу энергиясы өндіру бойынша қызметтерге жұмсауға мүмкіндік берді.
Жыл өткен сайын қала дамып, кеңейіп келеді, оның үстіне жаңа нысандар саны да арта түсуде. Жыл соңына дейін 200 жуық нысанды, соның ішінде «Экспо», «Әбу-Даби Плаза», жаңа теміржол вокзалы сияқты әлеуметтік нысандарды, сондай-ақ, бірқатар көп пәтерлі тұрғын үйлерді жылу және электр энергиясына қосу жоспарланған.
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
14 маусым - Дүниежүзілік донор күні: Қан тапсыру қауіпті ме -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ТКШ: 2607 жаңа басқару нысаны құрылды -
14 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр