А.Мұхамедиұлы: Қазақстан паралимпиадалық спортты дамытады

22 Қыркүйек, 2016 08:49
Қазақстан Үкіметі паралимпиадалық спортты дамытатын болады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астана әуежайында Ұлттық паралимпиада делегациясымен кездесу барысында айтты.

«Уақыт көрсеткендей, қызығушылық артуда. Әрине, біз одан әрі паралимпиадалық спортты дамытуымыз керек. Өкінішке қарай, біз бұл спорт түріне аз көңіл бөліп келдік. Біз елде паралимпиадалық спорт түрі белсенді дамуы үшін  стратегиялық жоспарды қабылдадық. Қазіргі таңда  Қазақстанның паралимпиадалық комитетінің басшылығы  Астанада ірі орталық ашуды көздеп отыр. Біз оны барынша дамытуға тырысамыз», - деді министр.

Айта кетейік, Рио-де-Жанейро қаласында жазғы паралимпиадалық ойындар аяқталды. Қазақстанның мүмкiндiгi шектеулi спортшылары паралимпиадалық медальдар жеңiп алды. Раушан Қойшыбаева пауэрлифтингтен күмiс медаль, ал Зүлфия Ғабидуллина жүзуден паралимпиада ойындарының чемпион атанды.

Барлық жаңалықтар